Өнер • 20 Қазан, 2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

711 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордада А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде алғаш рет «Қорқыт. Қобыз» атты қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың республикалық байқауы өтті.

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

Байқауда 17-55 жас аралығындағы еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымент және Қызылорда өңірлерінен барлығы 16 үміткер қатысты.

«Байқаудың басты мақсаты- ұлттық өнердің дамуына, насихатталуына және қобызшылардың шығармашылығына қолдау көрсету»,- деді ҚР мәдениет қайраткері, қазылар алқасының мүшесі Мара Сәрсенбайқызы.

Байқау екі номинация бойынша өтті: жыр(эпос) орындау және қобыз бен қылқобызда ойнау. Әр өңірден  келген қылқобызшылар Қорқыт күйлерін насихаттаса, қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, Қорқыт дәуіріндегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындайды.

Байқаудың бас жүлдесін Астанадан келген Шолпан Шарапатова иеленді. Ал, бірінші орынды қызылордалық Айнуза Бегімсалова және алматылық Аятолла Тұрғанов, екінші орынды Алматы қаласынан келген Әсел Қыдырмұрат пен оралдық Мөлдір Жалмұханбетов бөлісті. Қызылордалық Айдана Рүстембек пен Шымкент қаласынан қатысқан Анарбек Мырзабай байқаудың үшінші орнын алды. Ал, қобызбен сүйемелдеп жыр (эпос) орындау бойынша үшінші орын - қарағандылық Әлібек Бимендинге, екінші орын - қостанайлық Қыдырбек Қиысхан мен алматылық Қазбек Әдікейге, бірінші орын - қызылордалық Марат Сүгірбайға табысталды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында үш жылда бір алыс-жақын түркітілдес елдердің өнерпаздарының қатысуымен «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық музыкалық фольклорлық фестивалі өтеді. Мысалы, 2017 жылы 27-30 қыркүйек аралығында Ұлыбритания, Түркия, Беларуся, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия және Қазақстаннан 80-ге жуық орындаушы мен ғалым-фольклоршылардың қатысумен фестиваль өтті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше