Қазақстан • 20 Қазан, 2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үндістанда мерекеде тойлап жүрген халықты пойыз басып өткен болатын. Оқиға орнында жараланғандар мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

«Үндістан Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала хабарлауынша, зардап шегушілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. 

Еске сала кетсек, Үндістанда пойыз мерекеге қатысып жатқан халықты басып өткенін хабарлаған едік. Оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған. Пойыз мейрамды тойлап жатқан халықты басып өтіп, салдарынан 60 адам мерт болған. 100-ге жуық адам жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше