Аймақтар • 21 Қазан, 2018

Қостанайда алғашқы жылы аялдама пайдалануға берілді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс тұрғын ауданында жылы аялдама жолаушылардың игілігіне аса бастады. 

Қостанайда алғашқы жылы аялдама пайдалануға берілді

Мұнда соңғы жылдары жаңадан «Юбилейный» және «Алтын арман»шағын тұрғын аудандары пайда болған, ірі суда орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, одан әрі өндіріс орындарыорын тепкен. Демек аялдамаға тұрғындар көп келеді. Аялдаманың ішіне шағын бөлме жасалып, оған жылу батареясы орнатылған. Ол қыстағы аяздарда 18 градусқа дейін жылып тұрады. Бұл әсіресе, балалардың тоңып қалмауы үшін өте қолайлы.

Жылы аялдама камерамен, жарқылы бар фотоаппаратпен, екі жылу жүйесімен жабдықталған. Жаз айларында мұнда жетлдеткіш те ілінетін болады. Ең қызығы, осының барлығы да энергияның баламалы көзінен алынған қуатпен, яғни күн энергиясымен жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, бұл жылы аялдаманың құны  4,5 млн теңге тұрады, демеушілік қаржымен салынған.  

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар