Қазақстан • 22 Қазан, 2018

Нұрбақыт Теңізбаев Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды

1958 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрбақыт Теңізбаев Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.

Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған кәсіби спортшы.

2014 жылдан бері Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметін атақарып келген. Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.