Баспанасы бар жандар бақуатты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауында «Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты» делінген болатын. Осының ішінде біз тұрғын үй мәселесін қаузауды жөн көрдік.  

Егемен Қазақстан
22.10.2018 1345
2

Әрине, Жолдауда айтылған жоғарыдағы жайлардың маңызы айрықша екендігі белгілі. Со­ның ішінде кез келген отбасы үшін баспананың да орны бөлек. Атам қазақ, «үйі жоқтың күйі жоқ» деген сөзді  тегін айт­ты дейсіз бе? Соңғы сегіз жыл ішінде «Қолжетімді бас­пана», «2020 жылға дейінгі өңір­лерді дамыту», «Тұрғын үй құры­лы­сы» бағдарламалары аясында Ақмола облысында мемлекет қаржысы және инвестиция есебінен 2494,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бағытта жыл сайын тұрғын үйді молынан салып келе жатқан Көкшетау қаласының үлесі қомақты. Негізі облыстың барлық өңірінде мемлекеттік және жекеменшік инвестиция есебінен ауқымды тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. 

Облыстағы тұрғын үйдің 65 проценті жекеменшік тұрғын үй салушылар есебінен жүргізілуде. Сегіз жылдың ішінде 1,5 миллион шаршы метр жекеменшік тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл дегеніңіз 9,9 мың отбасы өз баспана жағдайын жақсартып алды деген сөз. Коммерциялық үй салушылардың жеке инвес­тициясы есебінен 565,5 мың шаршы метр тұрғын үй салын­ды. Осы орайда, Көкшетау қа­ласындағы «КГС Сауда», «Алуа құрылыс» серіктестіктері мен «Жақыпов» жеке кәсіпорны тә­різді жекеменшік тұрғын үй салушылардың үлесін ерекше атап өткен жөн. 

Өткен жылдың басынан бері бұрынғы «Қолжетімді баспана», «2020 жылдарға дейінгі өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» тұрғын үй құрылыс бағдарламалары бі­ріліктіріліп, «Нұрлы жер» тұр­ғын үй құрылысының жаңа мем­лекеттік бағдарламасы бастау алған болатын. Өңірде жалға бе­ру және несиелік тұрғын үй құрылысы, жемекеншік тұрғын үй құрылысын дамыту және осы құрылысты ынталандыру тәрізді бағдарламаның бас­ты бағыты жүзеге асырылуда. Биыл Инвестициялар және даму министрлігі облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 464,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру туралы жоспарлаған болатын. Жылдың алғашқы алты айында 248,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысына биыл республикалық және облыстық бюджеттен, құнды қағаздар шы­­­­­­ғару арқылы «Бәйтерек» девелопмент» акционерлік қоға­мы­ның қаржысын тарту есебі­нен 9,6 миллиард теңге қа­расты­рыл­ды. Көкшетау, Ат­басар және Щучинск қала­ларында, Балка­шин, Астрахан селоларында, Қосшы мен Сабынды ауылдарында 511 пәтерлік 14 тұрғын үй салынуда. Салыстырып қа­рай­тын болсақ, бұл өткен жыл­ғы көр­сет­­кіштен үш есе көп. Жал­пы, Көк­шетаудағы құрылыс қар­қы­нын өткен жылдың сәй­кес мерзі­мі­мен салыстыра безбен­десе­ңіз, өсім­нің екі есеге жуық екенін ба­ғ­ам­дар едіңіз. Бір ғана облыс орта­­­лығының өзін­­де 12 көпқа­бат­­ты тұрғын үй пай­да­лануға берілмекші. 

Құрылыс жұмысының ай­рықша қарқын алуында жеке­меншік тұрғын үй салушы­лар­дың да өзіндік үлесі бар. «Же­кеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту аясында жекеменшік тұрғын үй құрылысы облыстағы жеті ауданның 14 елді меке­нін­де басталды. Өңірлерде инже­нерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелерін дайындау бұл мақсатқа тиісінше серпін беруде. Биыл республикалық бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөлінді. Қаржы толық игеріл­ген кезде инженерлік инфра­құ­рылыммен 2,5 мың жер учаскесі қамтамасыз  етіледі. 

Мемлекет тұрғын үй құры­лысының өсуіне әрдайым үл­кен қолдау көрсетуде. Құры­лыс жұмыстары тікелей қаржы­лан­дырылып, дағдарыс аяқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нарықтық тетіктерді тиімді пайдаланып, Үкімет, Ұлттық банк, әкімдер, баспана бағасын арзандату үшін тиісті жағдай жасау керектігін атап өткен болатын.

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық құрылыс басқармасы екінші деңгейлі банктердің қолдауымен облыс тұрғындарының алған несиесіне мониторинг жүргі­зіп отырады. 2018 жылдың шілде айынан бастап ипотекалық несие беріле бас­тады. Алғашқы несиені облыс орталығындағы «Центр Кре­дит Банкі» акционерлік қоға­мы берді. Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы аясында құры­лыс көлемін қамтамасыз ету, аудан­дардағы тұрғын үй салуға инженерлік коммункация құры­лысын қаржыландыруды көбейту үшін республикалық бюджеттен «Нұрлы жер» бағдарламасына жыл сайын қосымша қаржы бөлу қарастырылуда. 2018 жылы рес­­пуб­ликалық бюджеттен осы мақ­сатқа 3,2 миллиард теңге бөлінді. 

Көкшетау, Степногор қала­лары мен Ақкөл, Аршалы, Атба­сар, Шортанды аудандарында сумен және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін, Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданында көп­пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйесін қамтамасыз ету жоспарланған. «Жоғары бі­лімнің қолжетімділігі мен сапа­сын арттыру және студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту» үшінші бастамасы бойынша облыста оқу орындарына қаншалықты жатақхана қажет екендігі анықталды. Облыс орталығында 2870 орындық жа­тақхана құрылысының тип­тік жобаларын жасау үшін Көк­шетау қаласының әкімдігі әр оқу орнының жанынан жалпы көлемі 4,6 гектар жер учаскесін ұсынды. Облыстық құрылыс басқармасы 244 орындық жатақ­хананың типтік жобасын жасауды облыстық бюджеттен қар­жы­ландыруға бюджеттік өтінім дайындады. Тоғыз қабат­ты ғимарат жобасының сметалық құны 673 миллион теңгені құрап отыр.  

Енді тұрғындардың өмір сүруге жайлы орта қалып­тас­тыруына кедергі болып отырған кейбір жайлар туралы айта кетсек, артық болмас. Біріншіден, Көкшетау – республикада жылу электр стансасы жоқ жалғыз қала. Станса бол­мауы себепті энергия қуаты мен ыстық су өндірілмейді. Қала тұр­ғын­да­ры қысы-жазы су жы­лыт­­қыш құралдарды пайдаланады. Энер­­гия қуатының қымбатты­ғы тұр­­ғындардың тұрмысына кері әсер етуде. Оның үстіне жоға­ры­да қалада соңғы жылдары құ­ры­лыс­тың қарқын алғандығын жан-жақты баяндадық. Орталық қа­зандықтың мүмкіндігі шек­теулі болғандықтан, жаңа ғима­раттарды жылумен қамту қиын­дық туғызуы әбден мүмкін. Өт­кен қыстың өзінде көпқабатты үйде тұратындар сан мәрте ша­ғым­данды. Биылғы салынған ­ны­сандар жылу жүйесіне қосыл­ған ­кезде жағдай одан са­йын күрделе­не түсуі кәдік.  

Еліміздің орталық және сол­түстік аймақтарын газсыз қал­дыр­мау үшін Қызылорда об­лы­сындағы Қараөзек – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Аста­на бағыты бойынша жаңа газ құбырын салу жобасы Көкше­тауға дейін қамтылса, нұр үстіне нұр болмас па? Сондықтан бұл жоба аясында Ақмола, Көкшетау өңірлері де түптің-түбінде газ­сыз қалмай, осы бағытта атқа­ры­латын күрделі, күрделі де болса қажетті жұмыстың игі нәтижесін көреді деген сенімге жетелейді. Жолдауда айтылған өмір сүруге жайлы орта қалыптастырудың түпкі мақсаты да осы емес пе?..

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда

13.11.2018

Тауарлық газдың бағалары 6-15%-ға төмендейді — Қ. Бозымбаев

13.11.2018

Шахматшы Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын жеңді

13.11.2018

Маңғыстауда автоматтандырылған жылу пунктін орнатады

13.11.2018

Түркі кеңесi диаспора істеріне жауапты министрлер мен мекемелер басшыларының үшінші кездесуі өтті

13.11.2018

Маңғыстауда 251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген

13.11.2018

Оралда қазіргі заман қаһармандарына құрмет көрсетілді

13.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында көп жақтылықты нығайтуға шақырды

13.11.2018

Маңғыстау облысында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

13.11.2018

Қолтырауындар да жылайды

13.11.2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

13.11.2018

Сөз сойыл №70

13.11.2018

Шерағаң шерткен шер

13.11.2018

Бақыршық жармалықтарды жұмыспен қамтып отыр

13.11.2018

«Абай болмаса, «Мирас» болмас еді...»

13.11.2018

Барқытбел баурайында ұлттық парк құрылды

13.11.2018

Теңдесі жоқ жобаның тегеуріні импортты ығыстырады

13.11.2018

Түйе шаруашылықтары ортақ іске жұмылады

13.11.2018

Тоқсан жыл бұрын Семейде...

13.11.2018

Балдыр жесе, балық та бағалы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу