Қоғам • 22 Қазан, 2018

Жастарды қолдау – басым бағыттардың бірі

495 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жастарды қолдау – басым бағыттардың бірі

Қазақстан өзінің 27 жылдық даму тарихында екі жаңғыруды жүзеге асырды. Біріншісі жос­парлы экономикадан өту болса, екіншісі 2030 стратегиясын орындау нәтижесінде табысты 50 елдің қатарына қосылды. Елбасының 5 қазандағы Жол­дауы еліміздің үшінші жаңғы­руының жалғасына арналып отыр. Елбасы Жолдауында бас­ты назар аудартылған салалары ел экономикасын тұрақты дамыту, еліміздің орта және шағын бизнесін қолдау әрі өркендету, еліміздің білім саласына көбірек көңіл бөлу сынды өзекті мәселелер қамтылды. 

Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде. Егер біздер бұл салаларды дұрыс жолға қойсақ, еліміздің дамуы арта түспек. Бұл жолда педогог мамандарының рөлі ерекше.

Жолдауда педогогтардың статусын қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылған. Еліміздің тірегі, болашағымыз жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру жоғарғы білікті ұстаздарымыздың алдында тұрған үлкен міндет. Осы ретте еліміздің ертеңін қа­лыптастырып отырған ұлағатты ұстаздарымыздың қоғамдағы ерекше орны мен ерен еңбектерін бағалау керек.

Жолдауда жоғары оқу ор­ындарының жұмысын баға­лау­дағы ең негізгі критерий ретін­де түлектерді тұрақты, жоғары ақы­лы жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі атап көрсетілді. Қа­зір­гі қоғамымыздағы негізгі қиын­дықтардың бірі – жоғары оқу орнын бітірген жастардың жұ­мыс­сыз қалуы. Енді бұл мәселені шешуге еліміздің әрбір жоғары және арнаулы оқу орындары көбірек көңіл бөлетіні болшақ мамандарды қуантқаны сөзсіз. 

Елбасы мемлекетіміздің ті­регі жастар екендігін, бола­шақ жастардың қолында болатын­дығын әрбір жолдаулары мен бағдарламасында ескеріп келеді. Осы жолы да еліміздің жастарын назардан тыс қалдырған жоқ. Елбасы ерекше сенім артып және жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында алдымызда келе жатқан 2019 жылды «Жастар жылы» деп атау­ды ұсынды. Бұл бізге беріліп отыр­ған өте үлкен мүмкіндік екен­дігін түсінуіміз қажет. Елбасымыздың артқан сенімін ақтау үшін оқу орнымыздың барша жастарын осы бағытқа жұмылдыруды мақ­сат етіп қойдық. Барша белсенді жастар, жас ғалымдар мен таланттар жаңа идеялары мен жобаларына қолдау таба алады деген сенімдеміз.

Бүкіл әлем алдында бәсекеге қабілетті ел болу – біздің басты мақсатымыз. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жастары Елбасының Жолдауын толық қуаттай отырып, оны іс жүзінде жүзеге асыру жолында өздерінің бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Біз, жастар Елбасы Жолдауын қолдаймыз, ел дамуы жолында аянбай еңбек етеміз.

Біз, шуақты өлкенің елжан­ды ұрпақтары, Елбасы, Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан На­зар­баев­тың басшылығымен жүр­гі­зіліп отырған сындарлы саясатты қолдай отырып, Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі – бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бір кісідей үлес қосамыз деп сендіреміз. 

Мағжан ИСАХОВ, 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Жастар орталығының директоры