Медицина • 22 Қазан, 2018

Менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 85 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта республикада менингококк инфекцияның таралуы тіркелуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда, жаңа жағдайлар тіркелмеген.

Профилактика

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну және оның барлық ұсынымдарын орындау қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Адам көп орындарда бөлмені жиі желдету, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек.

Қайнаған немесе бөтелкедегі суды ғана қолдану қажет.

Салқын тиюді, ашығуды, ұйқының қанбауын, күйзелісті және т.б. болдырмау керек.