Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Жолдау жете түсіндірілуде

364 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының басым бағыттарын ел ішіне жете түсіндіруге аттанған Парламент депутаттарының аймақтарға жұмыс сапарлары жалғасуда.

Жолдау жете түсіндірілуде

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев Теректі ауданына барды. Депутаттар «Жайық-Шал­қар» арнасындағы қалқымалы су стансасының жұмысымен танысты. 
Сенаторлар Ақжайық ауы­лын­­дағы бірқатар әлеуметтік ны­сан­дарды аралады. Кездесулер барысында Сенат депутаттары Жолдауда көр­сетілген басым міндеттердің әр­қай­сысына жеке-жеке тоқ­талды.

* * *

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сәкен Өтебаев пен Бақытгүл Хаменова Ақтөбе көлік, коммуникация және жа­ңа технологиялар колледжі пе­да­гогикалық ұжымымен кез­десті. Басқосуда Мемлекет бас­шысының Қазақстан халына Жол­дауына орай ең төменгі жала­қының өсімі және педагогтар мәртебесін өсіру жөнінде мә­се­лелер қозғалды.

Сондай-ақ депутаттар Құ­ралай Қаракен, Сәкен Өтебаев, Ба­­қыт­гүл Хаменова және Ген­на­дий Шиповских Қобда ауда­нындағы Жи­ренқопа ауылының тұрғын­дарымен де кездесті. 

* * *

Сенат депутаты Серік Жақ­сы­беков елордалық кәсіпкер­лер­мен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауының басты бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Сон­дай-ақ депутат Жолдауда қо­йыл­ған міндеттерді орындау бары­сындағы кәсіпкерлердің рөліне де тоқталды. 

Жүздесуде қалалық басқарма басшыларымен бірге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, әлеу­меттік әріптестік институ­тын дамыту және жұмыс беру­шілердің «Электронды еңбек бир­жасы» мемлекеттік интернет-ресурсын пайдалануы мәсе­ле­лері қызу талқыланды. 

* * *

Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Батыс Қазақстан об­лысына жасаған жұмыс сапа­ры барысында үш ауысымда оқи­­­тын №47 жалпы білім бе­ре­­тін мек­теп жұмысымен таныс­ты.

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова, Свет­лана Бычкова және «Ақжол» партиясы фракциясынан Кеңес Абсатиров жұмыс сапары барысында Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді талқылау үшін Орал қаласының Зачаганск ауданындағы №47 мектепті арнайы аралап көрді. 

* * *

Сенаторлар Аңсар Мұса­ханов пен Нұрлан Қылышбаев Алматы облысының Ескелді, Жамбыл, Қарасай және Сарқан аудандарында сапармен болды. Сапар барысында сенатор­лар бірқатар өнеркәсіп және ауыл­шаруашылық кәсіп­орын­дары мен әлеуметтік нысан­дар­дың ұжымдарымен кездесу өткізді. 

Кездесулер барысында сенаторлар Елбасының халыққа арнаған Жолдауын түсіндіріп, Парламенттің заң шы­ғару қыз­метінің нәтижелері туралы ақ­парат берді. 

Сондай-ақ депутаттар қаты­су­шылардың Жолдауға қатысты қойған сауалдарына жауап берді. 

* * *

Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Бей­біт Мамыраев, Бекболат Тілеу­хан, Нұрлан Әбдіров, Мейрам Пішембаев, Тұрғын Сызды­қов Исатай ауданы тұрғын­дары­мен кездесті. Халық қалау­лы­лары ел үшін маңызды құжат­та айтылған міндеттерге тоқта­лып, тұрғындардың ұсы­ныс-пікірлерін тыңдады. Сауал­дарына жауап берді. 

Зейнеткер Ғаділжан Сағы­наев ұстаздар мәртебесі туралы заң жобасы қаралғанда білім деңгейін көтерумен қатар тәрбие мәселесін күшейтуге де назар аударуға ұсыныс берді. 

* * *

Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев пен Динар Нөкетаева Ал­маты қаласына жұмыс бабын­дағы сапар аясында осындағы көпір құрылысы зауытының тынысымен танысты. 
Зауыт бас­шылығы Қазақ­стан­ның үздік өндірушілері өндірген цемент, шағыл және басқа да барлық материалдар пайдаланылатынын жеткізді. Ал депутаттар жиналғандарға Елбасы Жолдауының негізгі ережелері туралы айтып берді. 

* * *

Парламент Сенатының депутаты Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысының Қарасу ауданында жұмыс сапарында болып, Мем­лекет басшысының Жол­дауын жұртшылыққа түсінді­руге орай бірқатар кездесу өткізді. 

Сенатор аудан активімен, ауыл шаруашылығы және әлеу­меттік саланың мамандарымен, жұртшылық өкілдерімен кез­десті. Жүздесулерде аграрлық секторды мемлекеттік қолдау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен ден­сау­лық сақтау салаларында еңбек ететін қызметкерлер мен жұмысшылардың мүдделерін қорғау мәселелеріне назар 
аударылды. 

Ақпараттар «Егемен Қазақстанның» өңірлердегі тілшілерінен алынды