Бағдарламалар • 23 Қазан, 2018

Жаңа міндеттер жүктейді

436 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Жаңа міндеттер жүктейді

Қалыптасқан дәстүр бойын­ша биыл да Елбасымыз Қа­зақ­­­­­стан халқына арнаған жаңа Жолдауын жариялады. Прези­дент Жолдауы жұрт жыл сайын асы­ға күтетін саяси оқиға деуге болады. Жаңа құжаттан барша қазақстандықтар жағымды жа­ңалық, ерекше жақсылық күтеді. Биылғы Жолдаудың да көпшілікті бейжай қал­дырмай, халықтың көңілінен шық­қанына сенімдімін.

Жолдау, ең алдымен, мемле­кеттің әлеуметтік-экономика­лық дамуы мен қазақстандықтар­дың әл-ауқатын одан әрі қарай ­арттыру мәселелеріне арналды. Соның ішінде әдеттегідей білім саласына көп міндеттер жүктелді. Жаһандану жағдайында білім беру жүйесінде аса маңызды өзгерістер орын алып отыр. Адам­и капиталға, оның ішінде білім беру жүйесіне са­лын­ған инвестиция­лар экономи­ка мен қоғам үшін маңызды ықпал жасауда. Бұл өзгерістер жылдам құбылатын әлемде өзгеріске тез бейімделе ала­тын мамандардың қажеттілігін тудырып отыр. Сондықтан білім беруді тек әлеуметтік қажеттілік деп қарамай, экономикалық инвестиция ретінде санау керек. 

Осы орайда Қазақ­стан Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында адами капиталды бағалауды, білім беру саласында жасанды интеллектіні дамытуды, ақпараттық техноло­гиялар бойынша білім беруді және ғалымдарды қолдаудың жүйе­лі саясатын жүргізуді, жоғары білім сапасына көңіл бөлуді тапсыр­ды. Осы тұрғыда, әсіресе жоға­ры оқу орындарының тарапы­нан ­дайындалып жатқан маман­дар­дың сапасына назар аудару қажет деп ойлаймын. 

Елбасы жоғары оқу орында­рының жауапкершілігін арттыру мәселесіне де кеңінен тоқталып өтті. Жоғары оқу орындарының санын қысқарту, оларды бірік­ті­ру мен ірілендіру арқылы білім беру сапасын арттыруға, оқу орындары арасындағы әділ бәсе­келестікке қол жеткізуге болады.

Білім беру саласындағы мем­лекеттік саясат зияткер ұлтты қалыптастыруға, отандық ғы­лым­­ның жаңа үлгісін құру­ға ба­­ғыт­талған және олар өз кезе­­гінде жоғары оқу орындары алдына жаңа мақсаттар мен мін­дет­тер қойып отыр. Жоғары білім беру жүйесіндегі барлық жаңа­шылдықтар Қазақстанның бәсе­кеге қабілетті елдердің қата­рына ену стратегиясын тезірек іске асыруға қосқан нақты үлес болып табылады. Елбасы Н.На­зар­­баевтың бастамаларын жүзеге асыру бағытында, білім беру, бизнес, инженерия, ауыл шаруа­шылығы және басқа да салалар бойынша 75 жылдық жұмыс тәжірибесі бар М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік университеті де аймақ­тың жұмыс берушілерінің жо­ғары сапалы мамандарға деген сұраныстарын толығымен қана­ғаттан­дыруға ұмтылуда.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ маман­дарды дайындаудың үш деңгейлік жүйесі негізінде ба­калавриаттың – 95, магис­тра­тураның – 59, PhD докто­ран­ту­­раның 19 мамандығы бойынша маман дайындаумен айналысып келеді. Университеттің білім мен ғы­лым са­ласындағы қарыштап дамуы әлем­нің үздік университеттерінің аса бедел­­ді ха­лықаралық рейтингінде (QS World University Rankings) алға жыл­жуына мүм­кіндік беріп, университет ұжы­мы­ 2018 жылы әлемнің 4763 универ­си­те­ті арасында құрметті 480-орынға ие болды. QS рейтингіне енген 10 қа­зақстандық ЖОО ара­­сында ОҚМУ 4-орында. Қазақ­станның білім сапасын қамта­масыздандыру бо­йынша тәуелсіз агенттігінің үздік көп­салалы жоғары оқу орындарының Бас рейтингінде 2017-2018 оқу жылында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универ­ситеті мемлекеттің үздік универси­тет­терінің үштігіне кірді, 33 мамандық бойынша бірінші орынды, 18 мамандық бойынша екінші орынды, ал 25 маман­дық бойынша үшінші орынды иелен­ді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми­нистр­лігінің «Болон про­цесі және ака­де­миялық ұтқыр­лық орталы­ғының» ұлттық рей­тингінде 15 маман­дық бірін­­ші орынға, 23 мамандық екін­ші орынға, 13 мамандық үшінші орынға ие болды. Бұл Елбасы­ның білім беру саласы қызмет­кер­лерінің алдына қойып отыр­ған міндеттерін орындаудың айқын көріністерінің бірі деуге болады.

Мемлекет басшысы назар аударған тағы бір мәселе – жо­ғары оқу орындарын бітіру­ші­лердің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу деңгейі. Президент атап өткендей, кез келген жоғары оқу орнының тиімді жұмы­сының басты көрсеткіші – бітіру­ші­лердің оқу орнын аяқтағаннан ке­йін­гі жұмыспен қамтамасыз етілуі, олар­­дың еңбекақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Аталған мәселені оңтайлы шешу жолдарының бірі, менің ойымша, жоғары оқу орындары мен жұмыс беру­ші­лердің арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту, яғни бизнес пен ғылымның қарым-қатынасын жолға қою. Бірақ бизнес пен университеттер арасындағы байланыстарды «өнімді жеткізуші-өнімді тұтынушы» бағдарламасы бо­йынша біржақты қа­лыптастыру жоғары нәтиже бере алмайды. Дәстүрлі емес, екі жаққа да тиімді ынтымақтастыққа ықпал ете­тін жаңа үрдістер қажет. Біздің түлек­тердің жұмысқа орналасу деңгейі 80-85 пайызды құрайды, бұл олардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда ОҚМУ түлектері экономиканың әртүрлі салаларында, еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет­елдерде де еңбек етіп, өздерін белсенді азаматтық ұстанымы қалып­­тасқан жоғары дәре­желі маман ретінде көрсетуде және сол арқылы универ­си­теттің оң сипаттағы беделін нығайтуда. 

М.Әуезов атындағы Оңтүс­тік Қазақ­стан мемлекеттік уни­вер­ситеті бүгінгі таңда – бұл Қа­зақстан Респуб­ликасының білім беру кеңістігінің жарқын өкіл­­­де­рінің бірі. Оның жоғары дең­гейдегі ғылыми және мате­риалдық әлеуеті, сонымен қатар университеттің ұзақ жылдар бойындағы тарихы барысында қалыптасқан салттары мен дәстүрлері оның басты байлығы мен бәсекеге қабілеттілігінің белгісі болып табылады. Міне 75 жыл бойы уни­верситет сапалы білім беріп, қоғамға қажетті мамандар дайындап, өз ісінің қас шеберлерін өсіріп келе­ді. Профессор-оқытушылар құра­мы­ның бар күш-жігері университет қабыр­ғасынан жоғары білікті, заман өзгеріс­теріне икемді, зияткер маман шығаруға бағытталған. Ал ол түлек­тер­дің білімдері, ерік-жігерлері мен дағ­дылары сү­йік­ті Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасының өркендеуі жолын­да аянбай қызмет етуге бағыт­талған. 

Сәкен ПЕРНЕБЕКОВ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

директорының орынбасары, т.ғ.к., профессор