Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Ел чемпионатында Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазанның 17-21 аралығында Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан кубогі мен ел чемпионаты өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ел чемпионатында Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды

Қатысушылар көпсайыстан кубокті сарапқа салса, жекелеген жаттығу түрлерінен чемпиондық атаққа таласты. 

Турнирге жалпы есебі 13 өңірден спортшылар қатысқан.

Көпсайыс қорытындысы бойынша шымкенттік Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Шымкенттің тағы бір өкілі Тоғжан Молдаханова иеленсе, үшінші орын астаналық Айдана Шайкеноваға бұйырды. 

Еске сала кетейік, Даяна Әбдірбекова командалық жаттығудан Азия ойындарының чемпионы атанды. Сондай-ақ, Чехияда өткен Гран-при кезеңінде ұршық жаттығуы бойынша төрттікке енді.