Саясат • 24 Қазан, 2018

Халық жағдайын жақсартуды мақсат еткен құжат

963 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Халық жағдайын жақсартуды мақсат еткен құжат

 Елбасымыздың кезекті жолдауын оқи отырып, еліміздің тарих сахнасынан елеулі орын аларлықтай қарқынды дамып келе жатқандығын аңғардым. Тәуелсіздік жылдарынан соң жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Еліміздің мәдени орталығына айналған ару қала – Астана, ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесі, халық са­ны­ның қарқынды өсуі, орташа өмір сүру ұзақтығының өсуі, эко­номикамыздың өркендеуі, инфра­құрылымды дамытуға бағыт­талған бағдарламалардың іске асуы заманауи мемлекеттің ірге­сін нығайтуға зор үлесін қосып отыр. 

Жаһандағы өзгерістер мен жаһандық проблемалар және адам еңбегіне талаптың кү­шеюіне байланысты адам ешқашан өзін дамытуды тоқ­тат­пауы тиіс. Мемлекетте әрбір адам өзін дамытушы, ізденуші тұлға ретінде таныта білсе, со­нымен қатар, ізденісінің нәти­жесін қолдана отырып әре­кет жасаса, еліміздің әл-ауқа­­тының жақсаруы жоғары дең­гейге жетеді деп ойлаймын. 

Жолдаудың басты мазмұны халықтың тұрмысын жақсарту, халықтың мүддесін қорғау, орта буынның жалақысын кө­теру, білім сапасын артты­ру, орынсыз шығындарды азай­тып, халық денсаулығын ны­ғайту, жастарды қолдау болып табылады. Міне, осылайша ха­лықтың көкейіндегі бірнеше сұрақтардың шешімі табылды. Елімізде халық санының дамылсыз өсуіне байланысты тұрғын үй сұранысы да артып келеді. Жалақыны көтерумен қа­тар, көркіне көз тоймайтын зәу­лім үйлерге қол жеткізуге ар­нал­ған тиімді бағдарламалар ха­лыққа зор қуаныш сыйлап отыр.

Білім беру жүйесіндегі оқы­ту әдістемесіне бірыңғай стан­дарт енгізіп, әрбір оқушыны өзі­нің сұранысындағы маман­дық­қа бағыттай отырып, оқушы жүктемесін азайту өте орынды шешім. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы білім беру жүйесінде ұстаздарға оң әсе­­рін тигізеді. Себебі Жол­дауда айтылғандай, оларды мін­деттен тыс функциялардан арашалайды. Одан бөлек мектеп­ке дейінгі және мектеп жасын­да­ғы балалардың, жоғары оқу орнындағы студенттердің білім сапасының жақсаруы бәсекеге қабілетті жастарды даярлауға мүмкіндік береді. 

 Медицина саласына келер болсақ, тұрғындар денсаулығы үшін тиімді тың мақсаттар ал­ға қо­йылған. Жаңа заманауи­ тех­­нологияның арқасында элек­­тронды медициналық құ­жат­­қа қол жеткізу арқылы тұрғын­дарға жоғары деңгейдегі меди­цина­­­лық қызмет ұсына аламыз. Әлеу­мет­­­­тік маңызы бар аурулар ор­та­­­лығының құрылысын бас­тау қа­уіпті аурулардың алдын алып, адам өмірін құтқаруға көмек­те­седі.

 Ұлт денсаулығы үшін де­не­шынықтыру орындарын кө­бейту – адамдардың спортқа де­ген қызығушылығын оятып, са­ламатты өмір салтын ұста­­­­ну­ға жетелейді. Дені сау ұлт – мем­ле­кеттің басты байлығы. Ел­ба­сымыз қоғамға қатысты ма­ңыз­ды мәселелердің шешімін та­буға нақты міндеттер жүктеді. Сот жүйесіне, қаржы жүйесіне, құ­қ­ық қорғау органдарының жұ­­мысына сапалы өзгерістер енгіз­ді. Президентіміз жастарға үл­кен сенім артып және жігер бере отырып, 2019 жылды «Жас­тар жылы» деп жариялады. Сон­­дық­тан жалындаған қазақ жас­та­­рын елімізге адал қызмет ету үшін жұ­мыла еңбектенуге шақырамын.

Мөлдір БАЗАРБАЕВА,

Маңғыстау облыстық наркология диспансерінің дәрігер-эпидемиологы

Ақтау