Футбол • 24 Қазан, 2018

«Эл-Класико» Месси және Роналдусыз өтеді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жарақатына байланысты 28 қазанда Мадридтің «Реал» командасына қарсы өтетін кездесуде алаңға шыға алмайтын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді. 

«Эл-Класико» Месси және Роналдусыз өтеді

Осылайша, «Барселона» және «Реал» арасындағы биылғы «Эл-Класико» 11 жылдан кейін бірінші рет Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың қатысуынсыз өтпек. Португалиялық футболшы 2018 жылдың жазында «Ювентус» клубына ауысқан болатын. 

Айта кетейік, Месси «Эл-Класико» тарихында ең үздік сұрмерген футболшы саналады. Ол бүгінге дейін 18 гол соққан. 

Дайындаған Әли БИТӨРЕ, 

«Егемен Қазақстан»