Күрес • 24 Қазан, 2018

Санаев – күміс жүлдегер

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапеште өтіп жатқан күрес түрле­рінен әлем чемпионатының үшінші күнінде ел қоржынына күміс жүлде түсті. 57 кило салмақта белдескен еркін күрес өкілі Нұрислам Санаев күміс жүлдеге ие болды. Өкінішке қа­рай, финалда Нұрислам ресейлік Заур Угуевтан 3:4 есебімен ұтылып қалды. 

Санаев – күміс жүлдегер

Нұрислам Санаев алғашқы белдесуінде Самоа елінен келген балуанды ұтса, 1/8 финалда украиналық балуаннан 10:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда отандасымыз түрік балуанын 11:6 есебімен жеңді. Жартылай финалда АҚШ балуаны Томас Гилма­нға мықтылығын мойындатып, финал­дық белдесуге жолдама алды. 

Өкінішке қарай, Дәулет Ниязбеков (65 кило), Бақтияр Ізбасаров (79 кило) және Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кило) қарсылас­тарына жол беріп, жүлдесіз қалды.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ, 

«Егемен Қазақстан»