Әлем • 25 Қазан, 2018

Бакуде VI Халықаралық гуманитарлық форум өтіп жатыр

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бакуде VI Халықаралық гуманитарлық форум басталды, деп хабарлайды Әзербайжанның «Тренд» ақпараттық агенттігі.

Бакуде VI Халықаралық гуманитарлық форум өтіп жатыр

VI форум «Жаңа заман мен жаңа адамзат: адами даму мен жасампаздық» тақырыбына арналған. Екі күндік форумға 581 адам қатысады. Олардың 416-сы 86 мемлекет пен 24 халықаралық ұйымның өкілдері.

Форум мақсаты – халықаралық деңгейде қарастырылатын гуманитарлық мәселелерді ескерген жаңа күн тәртібін жасау. Халықаралық ұйымдардың мүшелері мен сарапшылар екі күн бойы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырады. 2010 жылдан бастап өткізіліп жүрген форумның бастамашылары – Ресей мен Әзербайжан президенттері.

Халықаралық гуманитарлық форум – көптеген беделді мемлекет қызметкерлерін, Нобель сыйлығының лауреаттарын, беделді  халықаралық ұйымдардың басшыларын, зиялы қауым өкілдерін бір ортада жинайтын пікірталас пен диалог, жаһандық мәселелерді талқылау алаңы.

Форумға БҰҰ Бас хатшысының екі орынбасары,  ISESCO, IRCICA, TÜRKSOY, ТүркПА, TWESCO, UNESCO, Парламентаралық кеңес (IPU), БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ECOSOC), ТМД атқарушы комитеті басшыларының орынбасарлары қатысады.  

Сонымен қатар, Судан мемлекетінің премьер-министрі, Ресей мен Словакияның вице-премьерлері, Словения, Уругвай, Ресей, Мысыр, Беларусь, Италия, Эстония мемлекеттерінің өкілдері, Грузия, Черногория, Өзбекстан, Болгария, Түркия, Судан, Тәжікстан, Қазақстан, Украина, Ауғанстан, Филиппин, Болгария елдерінің министрлері мен министр орынбасарлары, бұдан басқа 15 мемлекеттен келген 40 депутат, 46 дипломатиялық ұйым өкілі, ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Халықаралық гуманитарлық форум аясында көптеген мәдени шаралар, ел астанасымен танысу бағдарламасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар