Аймақтар • 26 Қазан, 2018

Маңғыстаудағы жұмбақ тастар қайдан келген?

1789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда  сырға толы әрі көрiктi жерлер көптеп саналады.  Солардың бiрi Торыш – шар тәрiздi конкрециялар (шарлар) алқабы.

Маңғыстаудағы жұмбақ тастар қайдан келген?

Ол Ақтау қаласынан 100 шақырымдай жерде орналасқан. Тамаша каньонда шашылып жатқан тастардың көлемi мен пiшiнi  әртүрлi. Кейбiр геологтердің пiкiрiнше тастар 120 миллион жыл бұрын пайда бола бастаған. Осы тас шарлар қайдан түстi немесе Маңғыстау түбегiне кiм әкелген? Мiне, осы мәселеге ға­лымдар 250 жыл бойы бастарын қа­тырып, әртүрлі болжам жасап, бiр байламға келе алмауда.