Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Сыртқы істер Министрлігі «Jas Diplomat» жаңа әлеуметтік жобасын іске қосты

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі шетел дипломатиялық миссияларының және Астана қаласының мектеп-гимназияларының қатысуымен «Jas Diplomat» бірегей жобасын іске қосты.

Сыртқы істер Министрлігі «Jas Diplomat» жаңа әлеуметтік жобасын іске қосты

Іс-шара Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сыртқы саяси ведомствоның бастауымен Білім және ғылым министрлігінің, елорда әкімдігінің және БҰҰ моделі үйлестіруші орталығының қолдауымен қолға алынып отыр.

Жоба шеңберінде Астана қаласының мемлекеттік мектептері мен шетелдік дипломатиялық миссиялар арасындағы ынтымақтастық көзделген. Осы жылғы қараша-желтоқсан айларында мектеп оқушыларына дипломатиялық қызметтің қыр-сырын тікелей дипломаттардың өздерінен білуге мүмкіндік беретін түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған. Жоба авторларының пайымдауынша, оқушылар өздері жұмыс жасаған шетелдік дипломаттардың елдерінің атынан сөз сөйлеп, БҰҰ моделіне сәйкес «Болашақ энергиясы» тақырыбында отырыс өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар