Әлем • 27 Қазан, 2018

Ұлттық ұлан жауынгерлері жүлдеге ие болды

1155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасының астанасында халықаралық «Острый клинок - 2018» мергендер сайысы аяқталды.  Қазақстан атынан жарысқа түскен Ұлттық ұлан «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері төрт номинациясының нәтижесінде бейресми есеп  бойынша   алға қытайлық мергендерді жіберіп, екінші командалық орынға ие болды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. 

Ұлттық ұлан жауынгерлері жүлдеге ие болды

Әлемнің 21 еелінен 100 мерген бақ сынаған жарыста қатысады. Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы дәлдеп атудан күш сынасып, үздік жетістіктерге қол жеткізді.

Айтып өту керек, қазақстандық мергендер «Кешенді жауынгерлік снайпинг» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды. Жаттығулар таулы аймақта өтті, оның барысында мергендер 10-нан бастап 600 метрге дейінгі ара қашықтықта, жеті нүктеден тапанша мен мергендік мылтықтан оқ атты. 37 мергендік жұптан тапсырманы үздік орындаған қытайлық әскери қызметшілер болды.

Топтық снайпингте де қазақстандықтар жақсы көрсеткіштер көрсетте білді. Ұлттық ұланның мергендері дыбысты тұшалап ату, бақылау және бағыт табу, таңдаулы нысаналарды табу және таудағы алыс қашықтықта іздеу атысы жаттығулары бойынша 3 және 5 орындарға тұрақтады.

Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына тұтқындарды босату тапсырмасы бойынша жаттығуда тең келер қарсылас болмады. Қазақстандық команда барлық төрт жылжымалы «лаңкес-тұтқын» нысандарын дәл тигізіп, барлық қатысушылар арасында үздік нәтижесін көрсетті. Бұдан бөлек, арнайы жасақ жауынгерлері екі оқпен екі нысанды тигізіп, «Острый клинок» арнайы жүлдесін де жеңіп алды.

Айтып өту керек, жарысты Қытайдың Халықтық қаруланған полициясы ұйымдастырды. Оның мақсаты әр елдің антитеррорлық күштеріне бір-бірінен үйренуге арналған тәжірибе жинақтау және қарым-қатынас платформасын құру, хабарласу арқылы денгейді көтеру және достықты күшейту болып табылады.

Бұдан бөлек, жарыс лаңкестікпен күрес саласында әлеуетті әрі қарай дамытуға, сондай-ақ, мергендердің жауынгерлік даярлығын және кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған.

Антитерорлық арнайы операцияның ерекшеліктерін ескере отырып, аталмыш жарыстар 12 пәндік төрт санаттан құралды. Оның үстіне, әр түрлі жарыстар әр жерде бір мезетте өткізілді.

«Острый клинок» халықаралық жарысы Қытайдың Халықтық қаруланған полициясының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын, шынайы жағдайға жақын етіп оқу-жаттығуларды өткізуден өзіндік бренді болып табылады.

Екі жылда бір өтетін «Острый клинок»  жарысы алғаш рет 2016 жылы Бейжіңде 15 елдің қатысуымен өткен.