29 Қазан, 2018

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

1055 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Президент Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Ұлттық комиссия отыры­сы­ның күн тәртібі бойынша негізгі мәселе – «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын іске асы­рудың және бағдарламаны бас­қару кеңсесінің қызметін ұйым­дастырудың нәтижелері тал­қыланды. 

Ұлттық комиссия төр­аға­сы отырысты ашудағы сө­зін­де «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масының Мемле­кет бас­шысының «Қазақ­стан­дықтар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артты­ру» атты Жолдауының негіз­гі бағыттарын іске асыру аясын­дағы ерекше маңызын атап өтті. 

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын байытып, жаңа бағыттармен толықтырудың маңыздылығына тоқталды. 

– Мемлекет басшысының тап­­сырмасына сәйкес, таяу уа­­қытта жаңадан «Ауыл – ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жо­балары іске қосылатын бо­лады, олар ауылдық елді ме­кен­дерді дамытуға қосым­ша сер­пін бермек, – деді Ә.Исеке­шев.

Комиссия отырысында, сон­дай-ақ Оңдасын Оразалин, Аида Балаева, Дәурен Абаев, Арман Евниев, Дархан Калетаев, Арыс­танбек Мұхамедиұлы және Рауан Кенжеханұлы сөз сөйледі. 

Ұлттық комиссия отырысын­да бейнебайланыс режімінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері тың­далды. 

Талқылаулар қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның төрағасы Үкіметке 2018-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай жос­пар әзірлеуді, Ауыл шаруа­шылығы министрлігіне «Ауыл – ел бесігі» жаңа әлеуметтік жобасын іске қосуды тапсырды. 

Өңірлер басшыларына жер­гілікті жерлерде бағдар­ламаның тапсырмаларын бар­лық басымдық бағыттары бойын­ша нақты мақсаттар мен нәти­желерге қол жеткізуге көңіл бөле отырып іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді. 

Айта кетерлігі, Ұлттық комиссия Президент Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, ел­дің одан әрі ілгерілемелі мә­дени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Комиссия құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, өңір­лердің, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкім­дері, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшелері, саяси партиялар өкілдері кірген.