Әлем • 19 Қазан, 2018

Минскте өткен халықаралық конференцияға Қазақстаннан делегеция қатысты

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусияның Минск қаласында «Халықаралық төрелік сот және интеграциялық процестерді нығайту» атты халықаралық конференция басталды.

Минскте өткен халықаралық конференцияға Қазақстаннан делегеция қатысты

Еуразиялық экономикалық одақтың соты ұйымдастырған іс-шараға ҚР Парламент депутаты А. Жаилғанова, ҚР Әділет министрлігі Заңнама институтының өкілдері Ж. Тлембаева, Ә.Иржанов, сондай-ақ халықаралық соттардың судьялары, ЕЭО мүше мемлекеттердің билік органдары басшылары, жоғары сот судьялары, ғылыми қоғамның өкілдері және практик заңгерлер қатысты.

Халықаралық конференция барысында Заңнама институты директорының орынбасары, доцент Ж. Тлембаева «ЕЭО соты шешімдерінің құқықтық болмысы» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, Заңнама институтының ғылыми қызметкері Ә. Иржанов қатысушыларға «ЕЭО соты және ұлттық сот органдарының өзара іс-қимыл проблемалық аспектілері» атты ғылыми мақаласын ұсынды. Іс-шара барысында пленарлық отырыс болды, онда интеграциялық процестерді дамытудағы халықаралық сот органдарының рөлі туралы айтылды.

Сондай-ақ, ЕЭО құқығының даму тенденциялары, халықаралық сот төрелігі органдары мен ұлттық соттар арасындағы өзара байланыс, ЕАЭ құқығын бизнесті қорғау инструменті ретінде пайдалану, ЕЭО соттының құқықтық негізгі қызметін жетілдіру тақырыбында дискуссиялық отырыстар ұйымдастырылды.