Саясат • 30 Қазан, 2018

Жаңа жетістіктерге жол ашатын Жолдау - Гаур Пунит

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңа жетістіктерге жол ашатын Жолдау - Гаур Пунит

Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында Президент Н.Назар­баевтың бастамалары арқа­сында көптеген жетістік­терге қол жеткізді. Мемлекет басшы­сының қолға алған әрбір баста­масы тыңғылықты әрі нәти­желі іске асты.

Олардың арасындағы ең өзек­ті­лері сыртқы саяси байланыс­тарды орнату, ішкі тұрақты­лықты қамтамасыз ету, елдің халықаралық қоғамдастықтағы орнын нақтылау, нығайту болды. Уақыт өте келе жоғарыдағы міндеттердің барлығы еңсерілді.

Қазіргі таңда Қазақстан Ор­талық Азияда көшбасшылық рөлге ғана ие емес, өзінің көп­те­ген инновациялық бастамаларын жүзеге асыру нәтижесінде аз ғана уақыттың ішінде әлем елдері арасында үлкен бедел­ге ие болды. Қазақстан бүгінге дейін 300 млрд АҚШ дол­лары көлемінде шетелдік тіке­лей инвестиция тартқан. Сон­дай-ақ Қазақстан ТМД елдері ара­сында бірінші болып ЭКСПО ха­лықаралық көрмесін ұйымд­астырды. Қазіргі кезде Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде 190 елдің ішінде 36-шы орында тұр.

Президент Н.Назарбаев өзі­нің жыл сайынғы Жолдаулары арқылы елді дамыту, халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын көр­сетіп келеді. Мәселен, Пре­зи­денттің 2018 жылдың

5 қа­за­нын­дағы Жол­дауы «Қазақ­стан­­дық­тардың әл-ау­қатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақыры­бымен жа­рия­ланды. Онда бар­ша қазақ­стандықтарды толған­дырып жүр­ген мәселелерге баса назар ау­­да­рыл­ған. Нақтылай айтқан­да, Жол­дауда халық табы­сын, өмір сүру сапасын арт­тыру, өмір сүруге жайлы орта қа­лыптастыру, азаматтар сұра­нысына бейімделген мемле­кеттік аппарат құру және Қазақ­станның әрбір азаматын жаңа өзгерістерге бейімдеу мәсе­лелері қамтылған. 

Сонымен қатар Жолдауда Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы тиімді бағыттары атап көрсетілген. Оның ішін­де, әсіресе Орталық Азия елдері­мен ын­тымақтастықты дамыту, ел­дің БҰҰ ҚК-нің тұ­­рақ­­ты емес мүшесі ретіндегі мис­си­­я­сын сәтті аяқтау және басқа да маңызды мәселелер қоз­ғалған. 

Қорыта айтқанда, Жолдауда халықтың әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыдағы жағдайын жақсартуға барын­ша көңіл бөлінген. Бұл Пре­зи­дент Н.Назарбаевтың биыл­ғы 

5 қазанда жариялаған Жол­дауы­ның басты ерекшелігі болып табылады.

Гаур ПУНИТ,

доктор PhD, доцент (Үндістан)