Үкімет • 30 Қазан, 2018

Б.Сағынтаев: Жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігі халық табысының өсімінен бағалануы тиіс

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырудың 2018 жылдың 10 айындағы қорытындысы шығарылды. Бейінді министрліктер мен өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, Премьер-Министр Б. Сағынтаев өзектілендіру жоспарлары мен бағдарламаның мемлекеттік мәртебесімен қайта бекітілуін ескере отырып, оны одан әрі іске асыруға қатысты нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Б.Сағынтаев: Жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігі халық табысының өсімінен бағалануы тиіс

Берілген мәліметтерге сәйкес, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштері орындалғаны аталып өтті. Сонымен қатар, Премьер-Министр барлық өңірлерге Бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, нысаналы топтарды, атап айтқанда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табысын арттыру үшін азаматтарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың әсеріне мониторинг жүргізу жүйесін жолға қоюы керектігі тапсырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ҰКП және өңірлермен бірігіп «Бизнес-Бастау» жобасымен білімін жетілдіргендерді шағын несиемен қамту мәселесіне ерекше назар аударуы керек.

Бұдан бөлек, бағдарламаның орындалуын жеке өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары, оның ішінде бюджеттік қаражаттың тиімділігі тұрғысында іске асырылуын ескере отырып талдау жасау тапсырылды.

Б. Сағынтаев Үкімет мүшелеріне өзектендірілген бағдарламаның тиімділігі тұрғындардың табысының өсімінен де бағалануы тиіс екендін еске салды.