Қазақстан • 31 Қазан, 2018

Мемлекеттің қолдауы өз деңгейінде

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттің қолдауы өз деңгейінде

Менің пікірімше, әрбір аза­мат­тың көңіл күйіне өз мем­лекетінің жетістігі оң әсерін ти­гізеді. Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл­ғы 5 қазандағы Жолдауында кө­терілген мәселелерді қазақ­стан­дықтар психологиялық тұрғыда жылы қабылдады деп ойлаймын.

Жалпы, мемлекеттің қолда­уын жақсы сезіне білген адам соған лайықты жауап беруге тырысады. Бұл билік пен халықтың арасындағы жақсы үйлесімділікті туындатады. Осы орайда Қазақ­стан Президентінің жүйелі жос­парланған, тыңғылықты зерделенген бастамалары, оңтайлы қабылдаған шешімдері барша қазақстандықтарды бүгінгі өзгермелі әлемде қауіпсіз, жайлы сезінуін қамтамасыз етіп отыр.

Мен қоғамдық сананы модернизациялау үдерісінің бөлігі ретінде, ең маңызды болып саналатын бірнеше тармақты атап өткім келеді: мектепке де­йін­гі білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің еңбек қаты­настары мен жағдайларын жақ­сарту, жоғары білім беру сапасын бақылау.

Тағы бір айта кетер жайт, ел бо­ла­шағы – жастар. Сондықтан табыс­­ты, нәтижелі жұмыс істеу­лері үшін олар­ға барынша жақ­сы жағдай жасалуы тиіс. Бұл мәселеге де Жолдауда басым­дық берілген. Мемлекет бас­шысы­ның 2019 жылды «Жастар» жылы ­деп ­жариялауы көңілге жылылық ұялатпай қоймайды.

Ирина ВАГНЕР, 

Росарио қаласындағы (Аргентина) Қазақстан Мәдениет орталығының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының елшісі