Спорт • 31 Қазан, 2018

Атыраулық Жансель Дениз кезекті жеңісіне қол жеткізді

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таэквондошы жерлесіміз халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық Жансель Дениз кезекті жеңісіне қол жеткізді

26-29 қазан аралығында Сербияның Белград қаласында таэквондодан халықаралық турнир өтті. Іріктеу кезеңдерінде ел намысын қорғаған Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз Испания және Сербия елінен келген қарсыластарын жеңіп шыққан болатын. Жартылай финалда ол франциялық Маева Меллиермен кездесіп, 4:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ,Жансель финалда тағы бір француздық Солене Абоулетені  5:3 есебімен жеңеді.

-Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір спортшы олимпиадалық рейтингтегі ұпайын көбейту үшін келгені белгілі. Мен төрт спортшымен кездесіп, барлығын жеңдім. Осы жолы 73 келіде бақ сынаған едім. Қарсыластарым маған қарағанда ірі. Десе де, мен жылдамдықтың арқасында көп ұпай жинадым. Алтын медальмен  қатар, рейтингте он ұпай еншілегенімді де айтқым келеді. Маған қолдау көрсеткен баршаңызға алғысым шексіз, - дейді Жансель Дениз.

Айта кетейік, аталған турнирден соң Жансель 108 ұпаймен әлемдік рейтингте 25-і орынға табан тіреді.