Саясат • 01 Қараша, 2018

Жолдауда назар аударылған сала көп

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Қазақ­стандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім беру саласына айрықша көңіл бөлінген.

 

Жолдауда назар аударылған сала көп

Білім беру саласы бүгінгі жа­һандану жағдайында барлық елдердің гүлденуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Қазір әлем тұрақты түрде өзге­руде. Бұл өзгерістердің басым бө­лігі білім беру жүйесіне тікелей қатысты. 

Білім беру саласын реформа­лау – қордаланған мәселелерді шешу үшін аталған бағыттағы көптеген жылдар бойғы тәжіри­белерді зер­делей отырып, оң шешім қабыл­дау мақсатындағы күрделі міндет. Мұқият жоспар­лау өзгерістерге оңтайлы бейім­делуді қамтамасыз етеді.

Жоспарлаудың алғашқы қа­да­мы қажетті қаржы ресурстарын табу болып табылады. Президент Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінде 5 жыл ішінде білім, ғылым, ден­саулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігі айтылды.

Тағы бір айта кетер жайт – ХХІ ғасырдың талаптарына не­гізделген жаңа білім беру жүйе­сін дамыту. Біз Президенттің «4К» үлгісіне қатысты пікірін қол­даймыз. Креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға жəне командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды қоса алғанда, XXI ғасырдың сұраныстарына бағытталған бі­лім беру жүйесіне инвестиция салу жаңа дәуірге өтудің дұрыс жолы болып табылады. Бұл дағдыларды жас ұрпақ бойында қалыптастыруға көмектесу маңызды, себебі бұл біздің бала­ларымызға үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың барлық мемлекеттік мектептерге жаңа білім беру жүйесі мен әдістерін енгізу, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және жоғары оқу орындарының білім беру сапасын арттыруға баса назар аудару сияқты ұсы­ныстары Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге көмек­теседі. Бұл Қа­зақ­станның әлем­дегі ең инно­вациялық және да­мы­ған елдердің бірі болуына жол ашады.

Біздерге, яғни «MM Publica­tions» компаниясына, Қазақстан се­кілді дамыған серпінді эконо­ми­касы бар прогрессивті елмен ын­тымақтастық орнату өте маңызды. Сонау 1974 жылдан бері ағылшын тілінде жоғары сапа­лы инновациялық білім беру материалдарын өндіруге маман­дан­дырылған біздің компания Пре­зидент Н.Назарбаевтың көзқа­расын толық қолдайды. Компа­ниямыз Қазақстан үшін арнайы жасалған баспа және электронды материалдардың кең ауқымын, сондай-ақ білім беру қызметтерін ұсына алады.

Иоаннис МАЛКОЯННИС,

Грекия шет тілдер оқулықтары баспагерлері қауымдастығының хатшысы, «MM Publications» компаниясының президенті