Қазақстан • 02 Қараша, 2018

Қостанайда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХҮ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онда партия облыстық филиалының 2017 - 2018 жылдары атқарған жумысы туралы филиал төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев баяндады.

Қостанайда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХҮ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Ол осы есепті жылдарда партия «Балалар үшін тегін IT - кластары», «IT-мамандарды даярлау», «Геоақпараттық онлайн қызмет», « English for jastar» т.б жобалардың табысты жүзеге асқанын айтты.

«Біздің алдымызда енді осы қарқынды төмендетпей, тағы да осындай кластар ашуды жалғастыру мақсаты тұр. Облыс әкімі екі жыл ішінде 50 IT- кластар ашу міндетін қойды», деді Жаңабай Бисимбаев.

Облыстағы оқу орындарында мобильдік қосымшалар, ақпараттық қауіпсіздік үшін 3-6 айлық қысқа мерзімді оқулар бағдарламалары жүзеге асады. Партиялықтар облыста болашақтың мамандарын дайындауды дұрыс деп біледі. Цифрландыру бағдарламасы бойынша да көптеген жұмыстар жүргізілді.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ә.Мұхамеджанов қостанайлық жас нұротаншылар атқарған жұмыстарға шолу жасады. «Партия белсенділері ауыл балаларының ағылшын тілін үйренуіне көңіл бөлді. Бұл уақыт талап етіп отырған мәседе.

«English for jastar» бағдарламасы бойынша облыстың 7 аймағына қазақстандық студенттер мен шетелдік еріктілерді тарттық. Кітапханаларды заманауи білім орталыктарына айналдырдық», деді Әлібек Өмірбекұлы.

Конференция соңында партия филиалының төрағасы А.Мұхамбетов есепті кезеңді қорытып, жүргізілген жұмыстарға баға берді, алдағы мақсат - міндеттер туралы айтты. Партия белсенділері партияның «Алғыс хатымен» марапатталды.