Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

Егемен Қазақстан
05.11.2018 4133
2

Тұрғын үй сертификатын берудің бірыңғай тетігін жасаған жөн

Биылғы Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев Үкімет қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударуы керек екенін, соның ішінде табыс пен өмір сапасының өсуін нақты атай келе, халықтың тұрғын үймен қамтылуы бірінші кезекте қарастырыл­ғаны жөн екендігін айтты.  

Осы тапсырманың орындалуына Мемле­кет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің орындалуы мүмкіндік берер еді деп айта аламыз. Онда Елбасы әрбір отбасының ипотекалық несиемен тұрғын үй сатып алуына мүмкіндік тудыратын «7-20-25» бағдарламасын ұсынып, ол нақты іске қосылды. Осы бағдарлама бойынша екінші деңгейдегі банктерге 3,8 мың өтініш (45 млрд теңгеге жуық) түсіп, оның 2,5 мыңы (30 млрд теңгеден артық) мақұлданған болатын. 

Алайда, аймақтарда болғанымызда тұрғын­дар тарапынан осы мәселеге қатысты көптеген сұрақ қойылды. Айтылған мәселелер қатарында әкімдердің жергілікті бюджет есебінен алғашқы жарнаны субсидияландыруы бірінші кезекте тұр. Осы мәселенің толық шешілмеуі аймаққа қажетті педагогтар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және т.б. мамандық иелері үшін тұрғын үй сертификатына қолжетімділікті қиындатып жіберген көрінеді. Сондықтан аталған мәсе­лені әкімдердің ыңғайына қарай шешу­­ге қалдырмай, жалпы ел бойынша бір­ың­­ғай тетік жасап шығару қажет деп санай­­­мыз. Онда алғашқы жарна кімдер­ге бері­­летін­дігі, соманың көлемі, аймақтар­дың ерекшеліктеріне сәйкес тұрғын үй серти­фикат­тарының көлемі сияқты мәселелер қарастырылғаны жөн болар еді. 

Сонымен қатар «7-20-25» бағдарламасына сәйкес сатып алынуға тиісті тұрғын үйлер де жетімсіз болып отыр, сондықтан бұл мәселені «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғызылып жатқан үйлердің есебінен шешуді ұсындық. 

Тұрғындардың тағы бір мәселесі – ХҚО берген анықтамалардың тек бір күнге жарайтыны. Екінші деңгейлі банктерден несиелік өтініш рәсімдеу процесі кезінде азаматтар бір күнге үлгере алмай қалатындықтан, проблемалар туып жататыны. Сондықтан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес осы процедураны жетілдіру мәселесін де қарастыру керек деп санаймыз.

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА,

Сенат депутаты 

Кітапхана ісі көңіл бөлуді қажет етеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарла­ма­лық мақаласында және «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­­ла­масында атап өткен мін­дет­терін орындау үшін қоғам­ның тұ­рақты дамуындағы және жеке тұлғаның бәсекеге қабілет­тілігін қалыптастырудағы кітап­хана­лар­дың алатын орны ерекше. 

Кітапхана саласының ағым­дағы жағдайында оның қызмет­теріне кері әсер ететін және шеші­мін талап ететін бірқатар жүйелі мәселелер бар. Атап айтқанда, кітапхана саласының нормативтік-құқықтық база­сы­ның жетілмегендігі, кітап­хана қорын толықтыру өзек­тілігі мен жаңаруының әлсіз­­ді­гі, рес­публиканың кітап­­х­ана са­ласындағы білікті маман­дардың жетіспеушілігі, кітап­хана қыз­мет­­керлері жал­ақы­сы­ның тө­мен­­­дігі, кітапхана­лардың материал­­дық-техника­лық, тех­но­ло­г­ия­лық базасының қана­ғат­тан­дыр­ғысыз жағдайы және т.б.

Осыған орай, кітапханалар қызметінің тәжірибесін зерттеу негізінде Үкіметке бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда, кітапхана ісін дамыту тұжырымдамасын жасау қажет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Кітапхана ісі туралы» заңын әзірлеу де өзекті. Қазіргі таңда қолданыстағы заң­намалық және нормативтік актілер кітапханаларға ақпарат­тық, мәдени және білім беру қызмет­терін толық түрде жүзе­ге асыруға мүмкіндік бермей­ді. Тағы бір маңызды мәсе­ле – «Цифр­лы Қазақстан» бағдар­лама­сын жүзеге асыру үшін елі­міздегі барлық кітапхана қорын цифрлы жүйеге көшіру, кітапханалық-ақпа­рат­тық ресурстарды бірыңғай инте­гра­цияланған жүйеге біріктіру.

Республиканың зағип және нашар көретін азамат­тар­ға ар­­­налған арнаулы кітап­ха­на­­­­­­лары қызметінің модель­ді стан­­­­дартын жасау да өзекті. Қазіргі таңда елімізде мүмкін­дігі шектеулі пайдаланушылар үшін кітапханалық-ақпараттық қыз­мет көрсету жағдайын жасау­дың тиісті деңгейі қарастырылмаған.

Бұған қоса еліміздің кітап­ха­на­шылар қауымдастығы­мен бір­ле­се отырып оқуды қолдау және кітапханаларды насихаттау мақсатында «Оқи­тын Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасы жасалып жүзеге асырылса жөн болар еді.

Кітапханалардың қорларын толық­тыруды ЖОО мен кол­ледж­дердегі гранттар санын арт­тыру жолымен кітап­хана кадр­ларын даярлауды мемлекеттік қол­дау, кітапхана маман­дары­­ның білікті құрамының тұрақ­ты­лығын қамтамасыз ету үшін кітап­­хана қызметкерлерінің ең­бек­ақысын кезең-кезеңмен өсі­ру мүмкіндігін қарастыру да көкей­кесті. Кәсіптің беделі мен имиджін көтеру үшін рес­пуб­ликалық кәсіби мереке – «Кітапханашы күні» белгіленсе құба-құп болар еді.

Аталған ұсыныстар елімізде­гі кітапхана саласының одан әрі дамуына және қазіргі қоғам өркендеуінің іргетасы саналатын сапалы адам капиталын қалыптастыруда оң нәтижесін берер еді деп санаймыз.

Динар НӨКЕТАЕВА,

Сенат депутаты

«ҚазАгроҚаржының» жағдайы қалай болмақ?

Жекешелендірудің ке­шен­ді бағдарламасы бойын­ша «ҚазАгроҚаржы» АҚ бәсе­ке­лестік ортаға шығарылу үшін желтоқсан айына сатуға қойылды. 

 Осыған байланысты біз депутаттық сауал жолдап, егер шетелдік инвесторға сатылып кететін жағдай туа қалса, ауыл шаруашылығына арнал­ған жер қорының қомақты бөлігін басқарудың тәуекелін Үкіметтің қаншалықты ескер­генін сұраған болатынбыз. Бұл әсіресе Прези­денттің Жер кодексіндегі кейбір баптар­дың орындалуына мораторий жариялағанына қатысты. Жал­пы, бұл бағытта назар аударатын бірқатар мәселе бар.

 Бүгінгі таңға дейін 24 нысан Қазақстанның резиденті болып табылмайтындарға сатылды, ал сатылуға қойылған 100-ге жуық нысан сатып алушы табылмағандықтан жойыл­ды. «ҚазАгроҚаржыға» осы екі нұсқа да біздіңше қол емес, өйт­­­кені оны сату тұтас ауыл шаруа­­­шылығы саласына өзінің кері әсерін тигізетін болады. Қа­зір «ҚазАгроҚаржы» тех­­ни­ка­лар­­дың қаржылық лизингінде ең ірі ойыншы болып отыр. Со­­­лай болса да қазақ­стан­дық ауыл­­­шаруашылық техникалары пар­кінің жаңалануы жылына 1,5 пайыздан аспайды, ал ауыл­­­шаруашылық тех­ни­ка­­­лары­­­ның жалпы еліміз бо­йын­­ша 87 пайызының тозы­ғы жеткен. Сонымен бірге «ҚазАгроҚаржыдан» займ алған­да көптеген шаруа және фермерлік қожалықтар өздері­нің ауыл шаруашылығына қол­данатын жерлерін кепілдікке қойғанын да ұмытуға болмайды. Қазір «ҚазАгроҚаржының» портфелінде 1 млн 300 мың гек­тар жер кепілде, ссудалық портфель 239 млрд теңге, соның ішінде Ұлттық қор алдындағы инвест жобалар бойынша қа­рыз 60 млрд теңгеден артық! Осы кепіл және қаржылық қарыз­дардың жайы не болатынын Үкімет есепке алды ма екен? 

Бұдан бұрын, былтырғы 18 мамырда Мәжіліс депутаттары «ҚазАгроҚаржыны» бәсеке­лестік ортаға шығарудың қан­дай тиімділігі бар деген депу­таттық сауалын Үкіметке жол­даған бо­латын. Оған беріл­ген жауапта жекешелендіру проце­сіне тәуелсіз консультант ретінде «Делойт ТСФ» компаниясының тар­­тылғаны айтылып, оның стра­­­те­гиялық инвесторға нақ­ты са­­ты­лу керек­тігі туралы ұсы­­ныс бер­­гені жеткізілген. Соны­­мен бір­­ге «ҚазАгроҚаржы» хол­дин­гі­­нің ақпаратына қара­ғанда, атал­мыш компания Еуро­па, Азия жә­не Аме­ри­каның 86 компания­сы­­­мен келіс­­сөз­дер жүргізіп, стра­­т­е­­г­­ия­­­лық инвес­торды таба ал­­ма­­­­­ға­ны белгілі болды. Енді «ҚазАгроҚаржыны» жою тәуекелі күтіп тұр. 

Қорыта айтқанда, бүгінгі кезеңде «ҚазАгроҚаржыны» сақтау арқылы біз Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндет­терді орындауға мүмкін­дік алар едік, ауыл шаруашылығы өнді­рісінің еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға да ол тиімді ықпал еткен болар еді. 

Мұрат ТЕМІРЖАНОВ, 

Мәжіліс депутаты

Талап-арыздың мерзімін қысқарту – өмір талабы

Мемлекет басшысы өзінің соңғы Жолдауында, басқа шаралардың қатарында, салық бойынша негізгі қарыздарын өтеген шағын және орта бизнес субъекті­лерінің өсімдер мен айыппұлдарына салықтық амнистия жасауды тапсырды.  

Бұл тапсырма салық таластары бо­йынша жасалып келген талап-арыздар мерзімінің ұзақтығында да артық уақыт бары жөніндегі байырғы проблеманың бетін ашты. Мәселе біздің еліміздегі талап-арыз мерзімінің ұзақтығы 5 жыл болуында және ол қарызды қолдан өсіре беретіндігінде. Бізде бес жыл бұ­рын­ғы, бірнеше рет тексерілгенде табыл­ма­ған салық есебіндегі алдамшы жетім­сіздіктерге заңнамаға сәйкес қаржылық санк­циялар салынады. Сөйтіп болмашы сома бес жылдық айыппұлдар мен өсім­нің арқасында қомақты қарыз­ға айналады. Осының салдарынан же­тім­сіздікке қо­сы­ла­тын айыппұлдар мен өсімнің көлемі қарыздың өзінен әлдеқайда асып кетіп, кәсіпорынды тығы­рыққа тірей­ді. БАҚ деректеріне жүгінетін бол­сақ ШОБ-тың осындай қарыздары 2018 жы­лы 257 млрд теңгеге жеткен, оның ішін­дегі айып­пұлдар мен өсімдер 122,5 млрд теңгені құраған. Прези­дент­тің тап­сыр­ма­сы нақ осы жөнсіз­дік­ті жоюға бағыт­та­лып отыр. Сон­дық­тан Мә­жі­ліс­т­егі «Ақ жол» фракция­сы­ның мүше­лері бұл ше­шімді қуана қолдай­мыз және осын­дай­дың алдағы уақытта болмағанын қалаймыз. 

Біздің фракция бұл мәселені 2013 жыл­дан бері көтеріп, Үкіметтен талап-арыздың мерзімін Еуразиялық эконо­микалық одақ­қа мүше басқа елдердегі сияқты 5 жыл­дан 3 жылға азайтуды ұсынып келген еді. Соңғы рет 2017 жылдың 19 қаңтары мен 15 наурызындағы сауалдарымызда ұсындық. Бірақ әрбір жолы Үкіметтен «мем­лекет пен бизнес теңгеріміне сәйкес емес» деген сияқты өзімізді қолдамаған жауап алғанбыз. Бірақ 2017 жылдың кү­зінде Салық кодексіне енгізілетін өзге­ріс­тер мен толықтырулар туралы заң жо­ба­сына оны Үкімет өзі енгізген бола­тын. Біздің ұсынысымыз енгізілді деп бөр­­кі­міз­ді аспанға атудан аулақпыз, бірақ әй­­теуір бұдан бизнес пен мемлекет ұтса болды. 

Президенттің Жолдауындағы амнис­тия осы істің орындалуына жол ашып отыр. Енді Үкімет те талап-арыздың мер­зімін 5 жылдан 3 жылға шегерер деген үмітімізді айтып, біз Премьер-Министрдің атына тағы да сауал жолдадық.

Азат ПЕРУАШЕВ, 

Мәжіліс депутаты 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу