06 Қараша, 2018

Жастарға жүктелген үлкен сенім

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы өңірлік ХХVІІ есеп беру сайлау конференцияcы өтіп, оның жұмысына партия хатшысы Илья Теренченко, партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.   

Жастарға жүктелген үлкен сенім

Күн тәртібіне партияның бағ­­дар­­ла­малық платформасын жүзеге асы­руда бастауыш ұйым­дар­дың рө­лін нығайту, жастар саясатын одан әрі жетілдіру мәсе­лелері ұсы­ны­лып, бірқатар міндет белгіленді.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», басқа да ауқымды жобалар мен әлеу­меттік бастамаларды орын­дау­да 40 мыңға жуық теріс­­кей­лік­ті бірік­тіретін партия мүшелері мен бастауыш ұйымдардың бел­сенділігіне, ұйым­дастыру шараларына тоқ­талды. Жыл басынан бері жеті мыңға жуық арыз-шағым қаралып, үштен бірі шешімін тап­қан. Түрлі рейдтер мен қоғам­дық қа­былдаулар барысында анық­тал­ған кемшіліктерден нақты қо­­ры­­­тынды шығарылып, ха­лық та­­бы­­­сының өсуі, тұр­мыс сапасын арт­тыру жайлары­на ерекше мән беріл­ген. Бала­лар­ды сандық техно­логиялар­ды мең­геруге баули­тын 11 IT сы­нып жұмыс істейді. «Жас Отан» жастар қанаты 10 мың­­­нан астам бозбала мен бой­жет­­к­енді біріктіреді. «English for zhastar» жобасы ауылдық жер­лер­де де жүзеге асырыла бастады. Ру­­хани жаңғыру, саламат­ты ұлт, ин­­но­­­вация, цифрландыру, біл­ім, ғылым салалары бо­­йын­­­­ша да бір­қыдыру іс атқа­рылған. 

Ал Илья Теренченко аймақ­та құ­рылыс кеңінен қанат жай­ғанын, 136 миллиард теңге инвестиция құйылғанын оң нышан ретінде бағалап, Жолдау мін­деттерін жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті.

Саяси ұйымының облыстық жетекшісі Қ.Ақсақалов 2016 жылы қабылданған партияның сай­лауалды бағдарламасында белгі­ленген шешімдердің орындалуына екпін түсіріп, бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет сая­сатын шағын ұжымдар мен шалғай ауылдарға дейін жеткізу басты бағдар болуы тиіс, деді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы