Әріптестік тағы бір белеске көтерілді

Кең-байтақ Қазақстан Республикасының 7591 шақырымдық шекара сызығы Ресей Федерациясымен арада жатыр. Соның 1532 километрі Батыс Қазақстан облысына тиесілі. Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор ежелден қазақ-орыс ортақ жайлаған өңір еді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас іскерлік әріптестікке ұласып, бүгінде екі ел де мұның пайдасын молынан көріп отыр. 

Егемен Қазақстан
08.11.2018 1694
2

Бүгін Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынты­мақ­тас­тығы­ның XV форумы өтеді. Екі ел Пре­зи­денті қаты­са­­­тын форум Қазақ­стан мен Ресей­­дің туризмін дамытудағы жаңа тәсіл­дер мен үрдістерді талқыламақ.

Міне, осынау елеулі оқиға қар­саңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бастаған ресми делегация Ресей Федерациясының Самара облысында болып қайтты. Самара губернаторы Дмитрий Азаров­пен арада өткен іскерлік кездесуде өңіраралық ынтымақтастық тағы бір белеске көтерілді деуге болады.

– Екі ел арасындағы өңіраралық әріп­тес­тіктің негізі біздің мем­лекет бас­шы­ларының ең жоғар­ғы дәрежелі кез­десу­лерінде қа­ланып, жыл өткен сайын да­мып келеді. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назар­баев Қазақстан үшін Ресей Федера­ция­сы – тату көрші, ең бас­ты ст­­ра­­те­гиялық әріптес екен­дігін әр­­да­йым айтып келеді. Біздің ара­мыз­­дағы дос­тықтың тамыры талай ғ­асыр­ға кетеді, деді өз сөзінде Алтай Көлгінов.

Өткен жылы Батыс Қазақ­стан облы­сы мен Ресей Федерация­сы­ның өңір­лері арасында 600 млн АҚШ дол­ларынан артық тауар айналы­мы болыпты. Биыл­ғы 8 айда сырт­қы сауда айналымы 420 млн дол­ларға жетіп, 15,8%-ға өс­кен. Алтай Көлгінов­тің айтуынша, өңір­­дің экономи­ка­лық, инвестициялық жә­не туристік әлеуеті өте зор. Мәселен, Батыс Қазақ­­стан облысында бүгінде шетел фир­маларының 86 филиалы және халық­аралық инвесторлармен бірлесе құрылған 238 бі­ріккен кәсіпорын қызмет етіп жатыр. Әрине бұл әріптестіктің дені – ресейлік инвесторларға тиесілі. 

– Мемлекет басшысы ел­де көлік-логис­­тикалық инфра­құрылымды дамы­туға ерекше көңіл бөліп отыр. Соның ішін­де Батыс Қазақстан облы­сының іс­кер­­­лік белсенділігін арттыру үшін әуе­жай ғи­мараты жаңар­ты­лады. Қазірдің өзін­де Орал­дан Қазақстанның өзге өңір­лері­­не және шетелге тікелей әуе рейстері ашыл­ды. Соның ішін­де орал­дықтар Мәс­кеу мен Франк­фурт қалаларына тіке ұшып бара алады. Таяу арада Орал – Саратов автожолының құры­лысы аяқ­­та­ла­­ды. Бұл жол шек­ара тұсында 8 жола­қ­ты авто­банға айналмақ. Ресейдің оңтүс­­тік өңірлеріне шығатын жол құ­ры­лы­сы да жалғасуда. 2019 жылы Самара шекарасында 8 жолақ­ты жол құры­лысын салу жос­парланып отыр. Сондай-ақ Орынбор облысымен ара­дағы күрежолға күрделі жөндеу бас­талады, – дейді Алтай Көлгінов екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынас­ты одан әрі дамыту туралы айта келіп.

Қазақстан мен Ресейдің өңір­ара­лық ынтымақтастығының XV фору­мы туризм тақырыбына арналатынын жоғарыда айтқан едік. Батыс Қазақстан облысының басшысы да Самарамен арада туризм саласын дамыту туралы ұсыныс көтерді. Әкімнің айтуынша, болашақта Орал мен Самара арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін. Әрине Орал мен Сама­ра­ның аралығы 260-ақ шақырым. Бірақ әр минутын тиімді пайдаланып, шекара бекетінде алтын уақытын сарп еткісі келмейтіндерге бұл да бір оң мүмкіндік.

Екі ел арасындағы ықтимал әріп­тес­тіктің тағы бір саласы – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту. Бұл бағыт­та Батыс Қазақстан облысынан үйренер нәрсе көп. ТМД ел­дері арасында Батыс Қазақ­стан об­лыс­тық балалар мен жасөспі­рімдер туризмі орталығы үздік үштікке еніп, «ЮНЕСКО клубы» деген атақ алған. 1960 жылы құрылған орта­лықтың бүгінде 16 бөлімшесі бар. Қазірдің өзін­де Ресейдің 14 аймағы­мен іскерлік бай­ланыс орнатқан орта­лық жұмысына самаралықтар да қызығу­шылық танытып отыр. 

Өз кезегінде Самара облысы­ның губер­наторы Дмитрий Азаров өңірлер арасында қа­лып­­тасқан екіжақты пайдалы әріп­­тестік туралы айтып өтті. Мы­салы екі облыс­тың бірқатар кәсіпорны қоян-қол­тық қызмет етіп келеді. Орал механикалық зауытында жа­салған иінді біліктер са­маралық «Электросила» кәсіп­­­­ор­­ны­ның қажетіне жарап тұр. Қазақстандық кеме жа­сау өн­­­­дірісінің флагманы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ «Самтех­нонефть» ғылыми-өнді­рістік кәсіп­орнымен келіссөз жүргізуде. Оның нәтижесінде мұнай құбыр­ларын тазарту технология­сын дамыту, химиялық реагент қолдана отырып мұнай өн­ді­рісін арттыру бағытында ор­тақ жобалар өмірге келіп қалуы мүмкін. Бұдан басқа азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және басқа салаларда әріптестік орнатқан компаниялар көп.

Батысқазақстандық делега­ция­ның Самараға сапары барысында екі облыс кәсіпкерлерінің мүмкін­дігін ашып көрсететін келелі кездесу, тұсаукесер өтті. Кездесу нәтижесінде өңірлер арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салада әріптестік туралы екіжақты келісімдерге қол қойылды. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал – Самара – Орал

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу