Томохико Уяма: Әр келгенде Қазақстанды жаңа қырынан танимын

Таяуда Астанада, Халықаралық Түркі академиясында Жапонияның Хоккайдо университетінің славян-еуразиялық зерттеу орталығының профессоры Томохико Уяма дәріс оқыған болатын. Т.Уяма – Орталық Азияны, оның ішінде Алаш автономиясын зерттеп жүрген ғалым. Жиыннан кейін профессормен тілдесудің сәті түскен еді. 

Егемен Қазақстан
09.11.2018 3895
2 Томохико Уяма, Хоккайдо университеті славян-еуразиялық зерттеу орталығының профессоры

– Томохико мырза, елімізге ең алғаш 1990-жылдары келген екенсіз. Содан бері Қазақстан қалай өзгерді? 

– Қазақстанға талай мәрте кел­ген­дік­тен, мұнда қанша рет болғанымды өзім де ұмытып қалыппын. Алғаш рет елдеріңізге 1990 жылы келдім. Сол кез­дегі Қазақстан мен бүгінгі Қазақстан мүл­де бөлек. Әр келгенде Қазақстанды жа­ңа қырынан танып, дамып жатқанын бай­қаймын. Өзгермейтін бір нәрсе бар. Ол – халықтың мейірімі. Алғаш келге­нім­де қонақжай халық қарсы алған. Бү­гінге дейін қазақ халқының пейілі өзгерген емес. 

Жаңа мыңжылдыққа аяқ басқанда Қазақстан енді-енді қарқын алып, дамып келе жатқан еді. Қазіргі таңда елдеріңіз әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі. Қазақстан одан әрі өркендей береді деп сенемін. 

– Алаштану ғылымына қалай кел­діңіз? Неге бұл бағытты таңдадыңыз?

– Орталық Азия мемлекеттеріне қы­зы­ғушылығым студенттік кезде ояна бас­тады. Оған себеп – Орталық Азияның Еу­ропа мен Азия құрлықтарының ортасында орналасуы. Осында екі мәдениеттің, кезеңдердің тарихы сақталған. Тарихқа жүгінсек, Орталық Азияда көптеген елеулі оқиғалар болды. Бұған Алашорда өте жақсы мысал. Алашорда үкіметі – басқа елдің отарында болса да, өз саясатын, мәдениетін қалыптастыра білген бірден-бір құрылым. Ондағы қызу өмір, басқа мемлекет режімінің қол астында болуы, одан кейінгі жаңа қоғамдық-саяси өмір бастауы мені қызықтырды. 

– Көптеген қазақ зиялылары, алашордашылар Жапонияның саясатына, басқару моделіне қызыққаны белгілі. Екі ел арасында байланыс орнатуға не кедергі болды? 

– Сол кезеңде, әсіресе әскери билік­тің күшейген уақытында Жапонияның «Ұлы Шығыс кеңістігі» жоспары бол­ған. Жоба Орталық және Шығыс Азия мем­лекеттерін біріктіріп, ынтымақ­тас­тықпен дамуға негізделген еді. Алайда Жапония басшылары Азия мем­лекеттерінің, әсіресе Орталық Азия ел­дерінің айырмашылығын ескермеген. Орталық Азия мемлекеттерінің жағдайы, тұрмысы әр алуан болатын. Әр мемлекеттің өзіне сай дәстүрі, қалып­тасқан ұстанымы, бағыты бар. Жапония басшылары бұдан хабарсыз еді. Оның үстіне Кеңес өкіметінің ықпалы басым болған заманда Орталық Азиямен байланыс орнату қиынға соқты. Сондықтан екі ел арасындағы байланыс дамыған жоқ. 

– Алаш тарихын зерттеу барысында, сол кездегі көшбасшылардың, алашордашылардың өмірінен қандай ерекшеліктер байқадыңыз? 

– Алаш партиясы тым қатал режімде өмір сүрді. Ол кезеңде Кеңес билігінің ықпалы зор еді. Соған қарамастан, олар өз принциптеріне берік болды. Отаршылдық саясаты кезінің өзінде өлмес еңбек қалдырып, қазіргі тәуелсіздікке іргетас болған іргелі істерді тындырды деп айтуға толық негіз бар. Маған алашордашылардың мәселелерді шешу жолы ұнайды. Ол кезде қазақтар татарлармен тығыз қарым-қатынаста еді. Екі ұлттың мәмілеге келуі, ортақ тосқауылдарды шешуі басшылардың шеберлігі деп білемін. Алашорда үкіметінің басқару жүйесі Еуропа елдері мен Жапонияның басқару саясатының моделінде құрылса да, төл тарих пен мәдениетті сақтау ұмыт қалмаған. Жаңалыққа ашық болса да, дәстүрді негіз еткен. Бәрінен бұрын, басқару жүйесі моделінде реалистік те, идеалистік те көзқарасты ұстана білгені ұнайды. Бұл олардың жан-жақты, стратег болғанын дәлелдейді. 

– Сіздің ойыңызша алашордашылар өз мақсатына жетті ме?

– Алаш басшылары дербес мемлекет құруды көздегені анық. Алайда олар көп кедергіге тап болды. Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізу оңайға соққан жоқ. Оның үстіне, сол уақытта колчакшылардың да ықпалы зор болып тұрған еді. Алашордашылар шебер келісімдер жүргізе білді. Өкінішке қарай, олар мақсаттарына жетті дей алмаймын. Өйткені Кеңес билігі тарапынан жасалған тосқауылдар партияның негізгі мақсаттарының орындалуына кедергі болды.

– Ал сол мақсат қазіргі күні орындалды деп айта аламыз ба? 

– Әлбетте, тәуелсіз, дамыған Қазақ­станға қарап, олардың арман-тілектері орындалды деп айтуға толық негіз бар. Кезінде алашордашылар Ресей тарапынан қысым көретін еді. Қазір жағдай мүлдем бөлек. Қазақстанның мүмкіндігі мол, халықаралық аренада беделі бар. Ал алашордашылар кезінде өмір сүрудің өзі қиын болатын. 

Жалпы, алашордашылардың арман-тілегі де осындай зайырлы, тәуелсіз мем­лекет құру болғаны анық. Ендеше, олар­дың көздеген мақсаты орындалды. 

– Өз дәрісіңізде Мұстафа Шоқайды мысалға алдыңыз, Міржақып Дула­тов­тың жапондықтар туралы өлеңін айтып өттіңіз. Кеңес өкіметі тұсында Міржақып Дулатов секілді  қазақ зиялыларын «Жапония тыңшысы» деп айыптады. Бұл қаншалықты шындыққа жақын? 

– Міржақып Дулатовты Азия құр­лы­ғындағы ерекше тұлғалардың қатарына қосамын. Оның «Оян, қазақ» өлеңін өз еңбектерімде мысалға алып, кей шумақтарын жапон тіліне де аудардым. Меніңше, оларға тағылған айып негізсіз. Мұндай жала Міржақып Дулатовқа ғана қатысты емес. 

Патшалық Ресей кезінде Жапонияның Орталық Азия елдерімен байланыс орна­туға талпынысы сәтсіз аяқталды. Одан кейін Кеңес билігі орнағанда қарым-қа­ты­нас жасау мүлдем қиындады. Қазақ зия­лы­лары мен Жапония арасында қан­дай да бір байланыс болуы мүмкін. Бірақ оларды «тыңшы» деп айыптауға негіз жоқ. 

– Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хиросима, Нагасаки қала­лары атом бомбасынан жапа шеккені бел­гілі. Қа­зақ­станда Семей жерінде атом бомба­сы сыналды. Осы тұрғыдан алған­да екі елді тағдырлас деуге болады. Тәуелсіздік қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы ше­шім қабылдады. Жапония тарапы Қазақ­станның ядро­лық қарудан бас тар­ту саясатын, Елбасымыздың поли­гон­ды жабу әре­кетін қалай қабыл­дады? 

– Иә, Жапония ядролық қарудың зия­нын аз тартқан жоқ. Арада 70 жыл өтсе де зардабын шегіп жүргендер әлі бар. Семей өңірінің жағдайы жа­пон­­дықтарға мәлім. Полигонды жабу ке­зінде Хиросимадағы білікті меди­­цин­а қызметкерлері Семейге арнайы келіп, көмек көрсетті. Еліміздің бірне­ше қалаларында Қазақстанды ядросыз аймаққа айналдыру тақырыбында конференциялар өтті. Атом бомбасынан жапа шеккен мемлекет ретінде Пре­зи­денттеріңіздің ядролық қарудан бас тарту шешімін жапондықтар қолдайды. Өйткені бір күнде бір қаланы түгелдей күлге айналдырған қасіретті оқиғаның салдары жүздеген жылдарға созылады. Өйткені атом бомбасы қаланы жермен-жексен етіп ғана қоймай, халықтың өміріне, денсаулығына да зиянын тигіз­ді. Семей және Нагасаки, Хи­ро­сима қа­ла­лары сол кездегі ауыр тағдырдың, яд­ро­лық қарудың зарда­бының символына айналды деп айта аламын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу