Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Қарағандыда «Мутлу Экспорт» зауыты жалақыны 34%-ға көбейт­ті

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы биыл қазан айында жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Үкіметке 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді тапсырған болатын.

Қарағандыда «Мутлу Экспорт» зауыты жалақыны 34%-ға көбейт­ті

Бүгінде көптеген кәсіпкер атал­­ған бастаманы қолдап, өз­дері­н­ің қызметкерлеріне жалақы мөл­шерін арттыру туралы шешім қабылдаған. Мәселен, Қарағанды облысының «Мутлу Экспорт» ЖШС осы жыл­дың қазан айы­­нан бастап зауыт жұмысшылары­­­ның еңбекақысын 34%-ға көбейт­ті. «Мутлу Экс­порт» ЖШС кәсіпорнының ди­­рек­­торы Дос-Мұқасан Тәу­кебаев­тың айтуынша, бүгінгі таң­да жұ­мыс­шылардың айлығы 120 мың теңгені құрайды.

«Біз Елбасының еңбекақыны өсіру, қызметкерлердің ең төмен­гі күнкөріс шегін ұлғайту жөнін­дегі тапсырмасын қолдаймыз. «Мутлу» компаниялар тобы тех­­ни­­ка­лық жұмысшылар мен зауыт­­тарда жұмыс істейтін қыз­мет­­кер­­лердің еңбекақысын 34%-ға ұлғайтты. Яғни, егер біздің жұ­мыс­шыларымыз бұған дейін 90 мыңға жуық жалақы алған бол­са, қазан айынан бастап олар 120 мың теңге көлемінде алады», деді Д.Тәукебаев.

«Мутлу» компаниясы­ның не­­гізі 1997 жылы қаланған. Ком­­­­п­а­­ния­­ның негізгі қызметі − би­дай­ды сатып алып, әртүрлі сұ­­рыпт­ағы ұн шығару. Қазіргі таң­­да ком­панияның үш ұн комби­наты бар. Экспорт география­сы өте ауқым­ды, компания өнім­дері Қазақ­­­станның ішкі на­ры­ғынан өзге Өз­бекстанға, Тәжікстанға, Қыр­­ғыз­станға, Түрік­менстанға, Әзер­­бай­­жанға, Ауғанстанға жет­кізіледі. 

2018 жылғы 1 қазандағы жағ­­дай бойынша Қарағанды облы­­сында жалпы 83 249 ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъек­тісі жұмыс істейді. 2018 жыл­ғы қаң­тар-маусым айларында олар шығарған өнім көлемі 2017 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 21,6%-ға өсіп, 507,4 млрд теңге құраған. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны 231 195 адамды немесе өткен жылдың 7 айындағы көр­сет­кіштің 105,3%-ын құраған. Осылайша, еліміздің бизнес-қауымдастығының Президент Жолдауын қолдауы облыстың да әлеуметтік-экономикалық дамуы­н­ан оң көрініс табады.

Айта кеткен жөн, Президенттің ең төменгі жалақыны өсіру туралы шешімі барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бұдан өзге, ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-Министр Б.Сағын­таев­тың еліміздің өңірлеріне Пре­зи­дент Жолдауын іске асы­ру мәсе­лелері жөніндегі жұмыс сапар­лары барысында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорны, «Фирма «Азия» ЖШС құрылыс компаниясы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлерге ең төмен­гі жалақы мөлшерін 50%-ға дейін көтеретінін мәлімдеген еді. «Ба­қыр­шық тау-кен өн­дірісі кәсіп­орны» ЖШС да жұ­мыс­шыларға еңбекақы мөлшерін өсіру мәселесін қарастырып жатыр. Ал Алматы облысында «Алматы бояу­лары» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС мәлімдеген-тін.

Қайрат ӘБДІЛДА, 

«Егемен Қазақстан»