Әлем • 12 Қараша, 2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында әлемдік көшбасшылар орташа және аз қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шартты, Сириядағы жағдайды, сондай-ақ сауда және Санкциялар мәселелерін талқылады, деп хабарлайды tass.ru.

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

Парижде Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының ғасырлық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Оған АҚШ, Ресей, Франция президенттері мен Германия канцлері қатысты. Іс-шара кезіндегі түскі ас уақытында көшбасшылар бірқатар мәселелерді талқылады.

«Бүгін ланч кезінде Трамп Путин, Макрон және Меркельмен, сондай-ақ басқа да көптеген әлемдік көшбасшылармен бірге отырды. Олар бірқатар тақырыптарды, соның ішінде орташа және аз қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шартты, Сирия мен Сауд Арабиясындағы жағдайды, сауда мәселесі,санкция, Ауғанстан, Қытай мен Солтүстік Корея сияқты тақырыптарды талқылады», деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.