Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетке Португалиядағы Авейро университетінің Азаматтық құрылыс саласындағы PhD докторы Барбара Марино  еліміздің Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шақырылған.

Егемен Қазақстан
13.11.2018 2250
2 Суретті түсірген: Руфина Торпищева

Бұл күндері университеттің Сәулет-құрылыс факультеті бакалавриат, магистратура білім бағдарламасы бойынша білім береді. Бұған дейін «Өндірістік және азаматтық құрылыс», «Бетон және темірбетон өндірісі»  саласында мамандар даярлап келді.

Қазір студенттер құрылыс, сәулет, дизайн, бейнелеу өнері және сызу, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, кәсіптік оқыту, көлік құрылысы, құрылыс саласында   ғылыми-теориялық және тәжірибелік жұмыстар бойынша дайындалуда.

Оқу-тәрбие үдерісі  Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс, Архитектура және дизайн, Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау кафедраларында  жүргізіледі.

Мысалы, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасында «Өнеркәсіп қалдықтарын жоюдың экологиялық аспектілері», «Жұқа қабырғалы құрылымдарды есептеудің сандық әдістері», «Әртүрлі деңгейдегі көп қабатты ғимараттардың қабырғаларын зерттеу жұмысы»,  «Қиын экологиялық жағдайларда шөкпелі негіздікті пайдаланатын ғимараттар іргетастарының әсер етуі», «Сумен шөгу қауіпсіздігін бағалау»  сияқты тақырыптарда студенттер ғылыми-жұмыстар жазуда.

 Факультеттегі  «Көлік құрылысы» мамандығына білім алған студенттер өңірдегі  Май разъезі мен Дегелен стансасы, Құркөл-Көктөбе аралығындағы бір жолақты жолды екі жолақты етіп салу жүмыстарына, облыс орталығы Ақсу - Көктөбе - Курчатов қаласы аралығындағы республикалық  жолдың ұзындығы 10,69 шақырым  бөлігін қайта салу, облыс  орталығын батыс жағынана айналып өту  сияқты жобаларына үлес қосты.

Оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметінше, Барбара Марино бір айдың ішінде Өнеркәсіптік, Азаматтық және көліктік құрылыс кафедрасының студенттеріне «Өзен жағалауындағы табиғат қорғау нысандары мен менеджмент» тақырыбында дәрістер оқиды. Бұл тақырып Ертіс  өзені жағасында  орналасқан біздің  өңір үшін де маңызды. 

Ал, шетелдік  профессордың айтуынша, әлемдегі жағалаулардың 70 пайызы табиғи құбылыстардың әсерінен зардап шегуде.

-Табиғат қорғау нысандарының инженер-құрылысшысы толқынның биіктігін, желдің күшін, ағымдарды, жағадағы эррозия қарқынын, жағаның тереңдігі мен болашақ нысанның тереңдігі, сондай-ақ, құрылыс материалдарының барын да (тас, бетон немесе кұм) ескеру керек. Ескеретін жайттар өте көп, - дейді Барбара Марино.

Шетелдік маман Ертіс өзенінің жағасындағы «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішін  су шаюдан қорғау мәселесіне қатысты пікірін де білдірді. Профессор жағаны бетонмен бекіту тиімді екенін айтады. Себебі құмнан жасалған нысандар ағынға төтеп бере алмауы мүмкін.

 

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу