Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Павлодарда архив құжаттары цифрлық  жүйеге көшетін болды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мемлекеттік архив басқармасының  мәліметінше, басқарма қорда сақталған құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмысы зерттеушілер мен архив қызметкерлері үшін  тиімді. Басқармада  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылға дейін жаласатын арнайы жоспар жасалды. Бұл мақсат үшін облыстық бюджеттен 72 миллион теңге қаражат бөлінген. 

Павлодарда архив құжаттары цифрлық  жүйеге көшетін болды

- Архив қорында 600 мыңнан астам құжат бар. Құжаттарды электронды жүйеге көшіру үшін әрине, уақыт керек. Электронды мемлекеттік архив құру арқылы- мемлекеттік қызмет түрлерін жеңілдету. Сұраныс түскен кезде құжаттарды сөрелерден іздеп жүрмейміз. Құжаттардың электронды нұсқасы ешқашан ескірмейді. Планетарлы сканер суреттердің үлкейтіп көрсетеді. Цифрлық жүйеге көшірілген барлық құжаттарды сақтайтын  электронды сейф орнатылды,- дейді басқарма басшысының орынбасары Мәулен Ақанов.

Сонымен бірге, архивте құжаттарды электронды жүйеге көшіретін арнайы ақпараттық технологиялар бөлімі ашылды. Қазір бұл  бөлімдерде  тәжірибелі архив қызметкелерімен бірге жас мамандар да қызмет жасауда.

- Архив құжаттарын цифрлық жүйеге көшіру-өңірдің тарихы үшін маңызды. Болашақ ұрпаққа қажет.  Қазір мыңнан астам құжаттарды цифрлық  сандық  жүйеге көшірдік,-дейді архив қызметкерлері.  

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР