Президент • 19 Қараша, 2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

347 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының кезекті сатысы үшін нақты бағдар саналады. Сарапшылардың пікірі бойынша, Елбасы саяси менеджментке шеберлігін көрсетті. Мемлекет басшысының кейінгі Жолдауын осылай сипаттауға болады. Бұл барлық адамдар арасында – билікті жақтаушылар және оппоненттері арасында да, тіптен саясат пен сая­саткерлерден алыстағы адамдар арасында да үлкен резонанс тудырды. 

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

Кезектен тыс Жолдаудың жариялануы объективті жағдайлардан туындады. Бұл ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір үдерістері мен қоғам­дық-саяси үдерістердің соңғы жылдар­дағы трендтері мәселелерді туындатпай тіптен мазасыздандырмай қоймайды.

Елбасы қазақстандықтардың әл-ауқаты­­ның өсуі, атап айтқанда табыс пен тұр­мыс сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Жолдаудың басты адресаты – қатардағы адам, оның денсау­лы­ғы, әл-ауқаты және қауіпсіздігі. Дәлірек айт­­сақ оқытушы, дәрігер, ауыл тұрғы­ны, аза­­­мат­­тық қызметкерлер, кәсіпкерлер, жас­тар мем­­л­екеттік саясаттың назарында болады.

Президент Жолдауындағы әрбір іс-шаралар, бастамалар шынайы және нақты цифрлармен, қаражатпен экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етілген. Аталған жаңа іс-шаралар мен бастамаларға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат бөлінуде. Осылайша, жалпы күн тәртібі алға қойы­лып, жаңа басымдықтар белгіленді.

Алға қойған мақсаттарға қол жет­кізу­дің негізгі құралдарының бірі отандық экспортқа бағытталған өңдеуші экономиканы дамыту, бұл ел дамуының локомотиві болуы керек. Нарықтағы ішкі және сыртқы сұранысқа ие, тереңдетіліп қайта өңделген жоғары сапалы өнімдер кәсіпорындарға жоғары кірістер берумен қатар жұмыс орындарына, салықтық түсімдерге кепілдік береді.

Қазақстан экономикасын ауқымды жаңғыртуға қарамастан, бүгінде Қазақ­стан киімге – 99 пайыз, тамақ өнімдеріне – 40 пайыз, жиһазды қоспағанда тұтыну тауарларына 100 пайыз импортқа тәуелді. Қарапайым заттар экономикасы жағ­дайды өзгертуге мүмкіндік жасауы керек, жергілікті шикізаттан өзі өндіре­тін сапалы тамақ, киім мен аяқ киім, жиһаз, құрал-жабдық, тұрмыстық техника, дәрі-дәрмектерге ішкі нарықты қана­ғат­тандырып қоймай, сонымен қатар Қазақ­станның қарапайым заттар импор­тына тәуелділігін еңсеріп, ұлттық және азық-түлік қауіпсіздігін айтар­лықтай кү­шейтуге жағдай жасауы керек. Экономи­ка­лық тұжырымдаманы әзірлеу­шілер мен сарап­шылардың пікірлері бойынша, «қара­пайым заттар» өндірісі экономика құры­лымында ІЖӨ-нің кемінде 1 пайызын құрауы керек.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау­дың маңызды элементі Мемлекет басшы­сы­ның 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап салық амнистиясын жүргізу тура­­лы тапсырмасы болмақ. Аталған іс-шарада салықтың негізгі сомасы тө­лен­ген кезде, шағын және орта бизнес айып­пұл мен өсім бойынша қарызды тазар­туға жағдай жасайды. Бұдан басқа, Жол­дауда «болашақ экономикасының» инно­ва­циялық дамуына басты назар аудар­ды. Өткен жылы ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі Қазақстанда баламалы энергияның дамуына үлкен серпін берді. Соның нәтижесінде жел және гидро­энер­гетикалық құрылғылар елде кең таралуда. Жолдауда айтылған басқа иннов­а­циялық бағыттар бойынша да осы сияқ­ты жұмыстар жүргізілетін болады. Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лы­ғымен тиімді шешімдер таба білу арқылы заманауи сын-қатерлерге жауап беруге дайын екендігімізді атап өткім келеді.

Жолдаудағы басты мәселе – адам капиталына инвестиция салу және оның әлеуметтік бағдарлануы. Бүгінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде ІЖӨ-нің дамуына назар аудармайды, өйткені бұл көрсеткіштің халыққа пайдасы шамалы. Оларды адамның бақытты болу индексі, жайлы өмір сүру мен көрсе­тіле­тін қызметтердің қолжетімділігі қы­зық­тырады. Президент жеке дереккөз­дер қоғамдық сауалнама бойынша қазақ­стан­дықтарды бірінші кезекте білім беру, денсаулық сақтау мен баға сияқты қыз­мет көрсетулер салаларының сапасы толға­ндыратынын атап өтті. Алдыңғы бағдар­ламалық құжаттарда бұл компоненттер болмады деуді білдірмейді. Алайда, Президент қазіргі Үкіметке және мемлекеттік органдар басшыларына жұмыстарында көзқарасты өзгерту керек­тігін және макроэкономика биігінен төмен түсуді, тиімділік өлшемін ІЖӨ-нің өсуі көрсеткіштері мен инфляция деңгейі­мен емес, қазақстандықтардың әл-ау­қа­тының өсуімен өлшеуді қатаң ұсынды.

Жолдауда бес жыл ішінде білім беруге, ғылымға және денсаулық сақ­тау­ға мемлекеттік шығындарды екі есе ұл­ғайту, ІЖӨ-нің 10%-на дейін жет­кізу міндеті қойылды. Бұл болашақта муль­типликативті тиімділік беретін шы­ғыс­тардың маңызы зор критерийлері. Осыған байланысты маңызды пробле­ма­ға тоқаталып өткім келеді. Күрделі өнді­ріс әр уақытта адамдар арасында қала­ды. Бүгінде елге миллиондаған заң­гер­, экономист, қаржыгер қажет емес. Өкініштісі, Қазақстанда ин­женерлік мектептер, әсіресе орта буын мектептер жүйесі бұзылды, арнаулы орта кәсіптік білімі бар мамандар жеткіліксіз. Біз оларды қалпына келтіруге міндеттіміз. Елбасы бұл туралы үнемі айтуда.

Мысалы, АҚШ-та мамандардың негіз­гі бөлігі жоғары білімі жоқ азамат­тар. Олар колледждер мен кәсіби даяр­лау курс­­тарын бітірушілер. Құрал-жаб­дық­­тар­ды пайдалануға жоғары білім­нің қажеттігі шамалы, орташа техникалық білім де жеткі­лікті. Бізде соңғы 20 жылда техника­лық білім беру жүйесі тыс қалды. Бүгінде оны қайта қалпына келтіру міндеті маңызды.

2019 жыл жастарға арналады және Жас­­тар жылы деп аталады. Заңнама бо­йын­­ша жастарға 29 жасқа дейінгі аза­мат­тар жатады. Ал 2019 жыл – Тәуелсіз­дігі­м­із­дің 28 жылдығы. Бұл жас отбасыларды, ма­ман­дарды, студенттерді қолдау ша­ра­лары­ның әзірленетінін білдіреді. Жас­тар сая­сатының іс-шаралар кешені әзірленеді.

Жолдауда Мемлекет басшысы мұға­лімдердің проблемаларына жан-жақты тоқталды. Бұл «Педагог мәртебесі тура­лы» жаңа заң әзірлеу туралы тапсырма ая­сында қаралады. Елбасы мұғалімнің жүк­те­месін қысқарту, үш ауысымды білім беру про­блемасын шешу, білім беру сапа­сын арт­тыру қажеттігі туралы атап өтті. Пре­­­зи­дент мұғалімдерді міндеттерінен тыс жұмыс іс­теуге міндеттейтіндерге на­­ра­­­­­зы­­­­лық біл­дірді. Заңды қабылдау осы мә­се­­­­­ле­­­­­­лер­­дегі жағдайды түзейтініне сенемін.

Алға қойған мақсаттарды сәтті іске асыру үшін азаматтардың күш-жігері қажет. Біздің әрқайсымыз осыны түсінсек және Елбасының Жолдауын­дағы міндетті іске асыруға қатыссақ, онда біз өзіміздің Ұлт көшбасшымыз көр­сет­кен мақсаттарға қолжеткіземіз және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына міндетті түрде кіретін боламыз.

Еділ МАМЫТБЕКОВ,

Парламент Сенатының депутаты

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше