Президент • 20 Қараша, 2018

Елбасы: Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет

389 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы: Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет

Жиынды ашқан Қазақстан Президенті құқықтық тәр­тіп­ті қамтамасыз ету және қыл­мысқа қар­сы күрес жүргізу мәселелерін қатаң бақылауда ұстап отыр­ғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер органдарының күш жұ­мыл­­дыруының арқасында соң­ғы үш жылда қылмыс деңгейі 17,5 пайызға азайғанын атап өтті.

– Адамдар қылмыстық әре­­кеттен қорғану үшін ең алды­мен полицияға барады. Тәуелсіздік жылдары 779 полиция қызметкері қаза тауып, 

2,5 мыңға жуығы жарақат ал­ды. Мұны естен шығармау керек. Сонымен қатар ішкі істер органдарының қазіргі жағдайы қоғам талабына толық жауап бере алмай отыр, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы поли­цейлердің азаматтармен өзара қарым-қатынасының қазіргі стандарттары ескіргенін әрі заман талабына сай кел­мей­тінін атап өтті.

– Ішкі істер органдарының жұмысы қоғам күткен сенім­ді толық ақтай алмай отыр, аза­маттардың көңіл толмастығын туғызуда. Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз он­сыз басты бағдарымыз сана­латын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмаймыз. Сон­дықтан полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдаудың бағыт­тарына сай ішкі істер саласында мазмұнды әрі сапалы өзгерістер жасау қажеттігіне тоқталды.

Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исе­кешев пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымов баяндама жасады.

Елбасы берілген мәлі­меттерді назарға алып, жос­пар­ланған барлық іс-шараны мұқият пысықтау қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы жаң­ғыртудың маңыздылығына тоқ­талып, ішкі істер орган­дарының құрылымы мен штатын оңтайландыруды, сондай-ақ өзіне тән емес функцияларды алып тастауды тапсырды.

– Артық нәрсенің бәрінен арылып, қылмыспен күрес жүр­гізу және құқықтық тәртіпті сақтау ісіне мән беру керек. Құрылымдар оңтай­лан­дырылады. Соның нәтижесінде бір басшының қарамағында үшеу емес, бес адам болады.

Штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашты. Бұл еуропалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард теңге үнемделмек, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев үнем­­делген қаражатты қызмет­кер­лердің еңбекақысы мен әлеу­меттік қамту жүйесін жақ­сар­туға жұмсауды тапсырды. Елбасы қосымша ішкі резерв­терді іздеу және тиімсіз әкім­шілік шығындарды болдырмау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін де айтты.

– Полицейлердің жалақысын арттыруға қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінетін болады. Мұның бәрі – халықтың ақшасы. Полицияны, армияны және соттарды салық төлеушілердің қаражаты есебінен ұстап отырмыз. Сондықтан азаматтарымыз құқық қорғау органдарының өз міндетін мінсіз атқаруын талап етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қыл­мысқа қарсы күрес жүр­гізетін және қоғамдық тәртіпті сақтау ісімен тікелей айналысатын қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін қабылданған шараларға да тоқталды. Бұл шаралар полиция жұмысының ең маңызды деген бағыттарына білікті жаңа кадрларды тартуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті күзететін және қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметін атқаратын бөлімшелерді күшейтуге мүм­кіндік береді.

Елбасы полиция қыз­мет­керінің теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылып, барлық жеңілдіктен айырылатынын айтты.

– Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет. Кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі қайта қарастырылатын болады. Ведомстволық білім беру ісі айтарлықтай өзгереді. Мамандарды даярлау сапасы әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи полиция академиялары қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрлігіне тиесілі 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатынын айтып, оған жоғары жалақы төленетін мейлінше білікті оқытушылар іріктеліп алынатынын атап өтті.

– Қазіргі полицейлерді кезектен тыс аттестация күтіп тұр. Заманауи стандарттарға сай келетін қызметкерлер ға­на қалады. Осы сынақтан өтпе­ген­дердің орнына лайықты қыз­меткерлерді алу керек. Қазақ­станда іріктеуді сапалы жүргізуге зор мүмкіндіктер бар – жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындары 20 мыңнан астам заңгер дайындап шығаруда, – деді Елбасы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ішкі істер органдарынан жұмыстың сервистік моделіне көшуді талап етті.

– Жыл сайын полицияға 4,5 миллионнан астам азамат шағымданады, ал оларды қа­былдау үшін жағдай жасалмаған. Егер басына іс түскен адам келсе, оны тезірек әрі сыпайылықпен қабылдау керек. Бірақ бұл – бітер істің жартысы ғана. Оның проблемасын шұғыл әрі заңға сәйкес қарастыру қажет. Халықпен жұмыс істеудің заманауи форматы дегеніміз осы, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кестесі ыңғайлы, сондай-ақ жайлы, техникалық тұрғыдан жақсы жарақтандырылған фронт-кеңселер құруды тапсырды.

– Қызметкерлердің жұ­мы­сында дөрекілік пен мен­сін-

­беушілік болмауға тиіс. Бі­реу қылмыстың құрбаны бол­са, немесе оған сондай бір қауіп төн­се, ол қауіпсіздікті сезін­бейін­ше, жайлы өмір сүріп, жұ­мыс істей алмайды, – деді Елбасы.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті полиция қызметін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізуді тапсырды.

– Критерийлер шынайы әрі тексерілетін болуға тиіс, сон­дай-ақ онда полиция жұмысының сапалы орындалуы мен осы жұмыстардың тиімділігіне халықтың баға беруі көрініс табуы керек. Бұл үшін мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтерімен қатар, әлеуметтік зерттеулерді де пайдалану қажет. Азамат­тардың сенімі, жайлы тұрмысы мен қауіпсіздігі полицияның тиімділігін бағалаудың негі­зіне айналады. Есептік көрсет­кіш­терді арттыру үшін жұмыс істеу өткеннің еншісінде қалуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті қам­тамасыз ету жөніндегі жұ­мыс­қа цифрлы технологияны енгізудің маңыздылығына назар аударды.

– Ішкі істер органдарының жұмысына цифрлы техноло-

гияны жаппай енгізу қажет. Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстанның барлық қа­ла­лары қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықталады. Тұрғындармен онлайн режімдегі кері байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін қызмет түрлері енгі­зіл­етін болады. Заманауи тех­ноло­гия полиция қызметінің барлық саласын қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті цифрландырудың сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ басқару буындары мен штат санын одан әрі оңтайландыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы полиция қызметін ғана емес, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басқа да құрылымдарын реформалау қажеттігін айтты.

– Қылмыстық-атқару жүйе­сіне де маңызды өзгеріс­тер енгізілетін болады. Зор­лық-зомбылық жасаған қыл­мыс­керлер басқа сотталушылардан бөлек ұсталады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін мейлінше төмендету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

– Адамдар өз болашағына алаңдамауға, қауіпсіздігі мем­лекет тарапынан қорғала­ты­нына сенімді болуға тиіс. Азаматтардың жеке басы мен мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Полиция жұмысы тиімділігінің негізгі критерийінің мәні осында, – деді Мемлекет басшысы.