Киелі жерлердің рухани маңызы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты қазақ қоғамына қозғау салып, санамызға жаңа серпін берген, дер кезінде ұсынылған бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне бір жарым жылдан астам уақыт болды.  

Егемен Қазақстан
20.11.2018 9903
2

Бағдарламалық мақалада дамыған мемлекет болып, зерделі де зияткер ұлт болып әлемдік аренада ойып тұрып өзіндік орын алу үшін қажетті қадір-қасиеттер  санамаланып айтылған болатын.

Елбасы аталған тарихи құжатта ұлттық құндылықтарымыз – ұлттық кодымызсыз ешқандай да жаңғыру болмайтындығын айтты. Ғылым мен техника көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған әлемде Мемлекет басшысы айтқандай, рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды, ұлттық мәде­ниетімізді сақтай отырып,  әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйе­сін қалыптастырғанымыз абзал. Ұлт­тық кодты сақтау дегеніміз, тамыры те­реңнен бастау алатын рухани әрі ұлт­тық болмысымызды нығайтып, же­тілдіріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету. Ұлттық болмыстың өзі біз­­­­дің ежелден келе жатқан  салт-дәс­­түрлерімізден, мәдениетімізден, та­рихымыздан, барлық рухани құн­дылықтарымыздан бастау алады десек, атадан балаға мирас болып келе жат­­қан сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, жетілдіріп, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын, жа­ңа ұрпақтың кемел келешегін қалып­тастыруымыз қажеттігін ерекше ес­кертті. 

Бағдарламалық мақала аясында рухани кодымыздың басты тетігі болып табылатын қоғам үшін маңызды көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі қабылданды және оны ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда  өмірімізге ен­гізудің кешенді жоспары жасалынып, латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілінің емле ережелерінің жобасы сараптамадан өтуде, жаңа әліпбидегі алғашқы ақпараттық-танымдық мер­зімді басылым «Til-Qazyna» оқыр­манына жол тартты.  Қоғамдық және гу­манитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын 18 оқулықты қазақ тілінде сөйлетті.

Ендігі мақсат – осындай баға жет­­пес дүниені оқу үрдісіне енгізе отырып, студент жастарға әлемдік деңгейде білім берудің зор тетігін қалыптастыру көзделуде. Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, елі­міздің әр өңірінде тұратын түрлі жас­тағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихына негізделген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы  аясында заманымыздың озық ойлы, жасампаз, еңбекқор адамдарының есімдері мен ерен еңбектері ұлықталуда. Ал­дымен азаматтық патриотизм, одан кейін қазақстандық патриотизмді қалып­тастырудың бастамасы болған «Туған жер» бағдарламасы аясында да ауқымды шаралар жасалуда. Сонымен қатар халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қалып­тасуда.

Рухани жаңғыра отырып, бола­шаққа бет түзеген халықтың Ұлы Даласы киелі жерлерге толы. Біз үшін Атырау – Арқа – Алатау – Алтай сияқты ұлан-асыр аймақты алып жатқан Қазақстанның әрбір сүйем жері қасиетті де киелі. Қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүрген ата-бабаларымыз «кие» сөзіне ерекше мән беріп, кіндік қаны тамған туған жерінен бастап, тарихи жадында өшпес із қалдырған тарихи және сая­си оқиғалармен байланысты орындарды киелі де қасиетті мекеніне балады. «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың», «Әркімнің өз жері – жұмақ», «Ел іші алтын бесік», «Өз елің – алтын бесігің», «Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз», «Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз», деп туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалай білді. Халқымыздың ұлттық санасының ерекшелігі де осында.

Ендігі жасалатын негізгі әре­кеті­міз, осы құнды ерекшелікті жоғалтып алмай, өскелең ұрпақ бойы­на жал­пыұлттық қасиетті орындар­ ұғы­мын сіңіруіміз керек. Ол үшін Ел­басы «Қазақстаның қасиетті рухани құн­дылықтары» немесе «Қазақ­станның киелі жерлерінің география­сы» жобасын жасау керектігін тапсырды. 

Қазақстанның киелі жерлері ре­тінде ерекше бағаланатын табиғи және мәдени нысандар, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, халық арасынан шыққан көрнекті тұлғалардың кесенелері мен қорымдары, халықтың жадында елеулі із қалдырған тарихи-саяси оқиғаларға байланысты орындар танылады. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-саяси өмірінде ұлттық бірлік пен бірегейлік, жаңғыру нышаны ретінде маңызды орын алатын заманауи нысандар да  кіреді. 

Ұлттық құндылықтарымызды осын­дай киелі нысандар арқылы жаң­ғырту, жаңғырта отырып елдің иесі болар болашақ ұрпақты рухани бай мұрамен сусындата тәрбиелеу – Елбасы алдымызға қойған бағдарламалық тапсырманың бірі де бірегейі. Бірін-бірі толықтыратын «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы туған жер мен киелі жерлерге деген шынайы патриоттық сезім арқылы, екеуінің сабақтастығы арқылы болашақ ұрпақта біртұтас мызғымас тарихи сана қалыптасады. Туып-өскен жерге деген сүйіспеншілік бір ғана Отанымыз – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласса, Қа­зақстанның қасиетті жерлерін қас­терлеу – бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шы­ғатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы болары хақ. 

Сөз соңында айтарымыз, тарихи санасы мығым, Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнінен, яғни рухани мәдениетімізден нәр алған, ұлттық рухы сақталған, ұлттық сана-сезімінің көкжиегі ке­ңейген, бәсекеге қабілетті, рухани жаң­ғырған тұлғаның – халықтың – мемлекеттің ғана өзіндік дербес даму үлгісі қалыптасып, кемел келешекке нық әрі нақты қадаммен жылжи отырып дамыған елдердің қатарынан орын алатындығы сөзсіз. 

Райхан ДОСЖАН,

философия ғылымдарының PhD докторы,

Ақмаржан ӘУЕЛБЕКОВА,

филология ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу