Театр • 20 Қараша, 2018

Жастар өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында қойылған «Махаббат мұнарасы» мюзиклі жаңа облыс орталығы Түркістанда алғаш рет сахналанды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет сарайында мюзиклдің премьерасы өтті. 

Жастар өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтті

Туындыны тамашалауға келген қала тұрғындары, әсі­­ресе жастар көп болды.­ ­Қо­­­йылым шымылдығы ашы­лар­ алдында Түркістан об­лы­сының әкімі Жансейіт Түй­­мебаев облыстық опера және балет театры ұжымын құт­тықтап, өнерді дамытуға үлес қосып халықтың ал­ғысына бөлену жолындағы еңбектерінің еселене беруіне тілектестігін білдірді. Махаб­бат лирикасы бейнеленген туын­дыны сахналауға театрдың 60-тан астам әртісі қатысқан. Мюзиклдің әуенін жазған композитор Светлана Ахметова, музыкасын өңдеген композитор Руслан Шынықұлов. Ал мюзиклдің сөзін жазған жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы, сахналаған Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының қоюшы – режиссері Елік Нұрсұлтан. 

Өңір жастарының өмі­рі­нен алынған, махаббат­ жо­лындағы адалдық пен батылдық, қызға­ныш пен күрес көріністерін сурет­тейтін, заманауи ли­ри­калық шығарма екі кө­рініс­тен тұрады. Мюзиклдің бас кейіпкері Аян сүйіктісі Ма­дина екеуінің махаббатын қорғау үшін ештеңеден та­йынбайды. Мадинаның сахнада ән айтуға деген ықыласы мен арманы қос ғашықтың арасында қызғаныш туғызып, келіспеушілікке апарады. Де­генмен жастар оқиғасын суреттейтін мюзиклдің бар­лық кейіпкерлері өз мұра­тына жетеді. Бүгінгі жастар өмірі шынайы суреттелген қойылым көрермендер көңі­лінен шығып, қошеметке ие болды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы