Аймақтар • 20 Қараша, 2018

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты халықаралық конференция өтті

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. 

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты халықаралық конференция өтті

Конференциядан бір күн бұрын Кеңес Одағының Ба­тыры, академик, педагог, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Мә­лік Ғабдуллиннің Көкше­таудағы музейінде «Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқ­жетпесі» атты альбом-кітап­тың тұсаукесері өткізілді. 

Тұсаукесер рәсімінде Ақмола облысының әкі­мі Мәлік Мырзалин құттық­тау сөз сөйлеп, «Мәлік Ғаб­дуллин – қазақтың Оқжет­песі» атты альбом-кітапты Батыр атындағы музейге табыс етті. Одан әрі «Алтын кітап» баспа үйінің директоры Вячеслав Титенов, қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев және музей директоры Құдайберлі Мырзабек сөз сөйлеп, бұл шараның Мәлік Ғаб­дул­линнің есімін ел есін­де сақ­тау бағытында жа­сал­ған игі қадам екендігін айтып, жы­лы лебіздерін білдірді. 

Осынау айтулы ең­бек­те батырдың өмірі мен шы­­ғармашылығы, қоғам­дық қызметі және М.Ғаб­дуллин музейінің экспо­зициялық залдары туралы толық мағлұмат берілген. Альбом-кітап Ал­маты қала­сындағы «Алтын кітап» бас­пасынан 1000 данамен жарық көрді.

Келесі күні конфе­рен­цияға қатысушылар ба­тыр­дың ескерткішіне гүл шоқ­тарын қойып, тағзым етті. Конференция жұ­мы­сына Қазақстан Респуб­ликасының беделді қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен еліміздің алдыңғы қа­тарлы жоғары оқу орын­дарының ғылыми қызмет­керлері мен студенттері қа­­­тысты. Инс­титут бас­шы­сы, техника ғы­лым­да­ры­ның докторы Сы­рым Шә­ріпханов конференцияны ашып, жүргізіп отырды. Л.Н.Гу­милев атын­дағы Еу­­ра­­зия Ұлттық универ­сите­ті­нің ғалымдары Қар­жау­бай Сарт­қожа мен Жам­был Ар­тықбаев ерлік үлгі­сімен, сол ерлікті жаса­ған қайт­пас қай­сар ерлер туралы тұ­­­щым­ды баяндамалар жасады. 

Конференцияның екінші жартысында секциялық оты­рыстар өткізілді. Жұ­мыс қорытындысы бойын­ша шешім қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Бұл бір ерлікке үндейтін, ел халқын жаңа қазақстандық патриотизмге баулитын өнегесі мол шара болды. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы