Президент • 21 Қараша, 2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажеттілігі туралы айтылған.

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

Қазіргі таңда адамдардың тарихи таным-түйсігінде кино өнерінің алар орны ерекше болғандықтан, Президент деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың циклін өндіріске енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысы осы мақсатта Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануды ұсынады.

«Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс».

Деректі фильмдермен қатар қызықты әрі мелодрамалық сарындағы танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажеттігі де айтылған.

«Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек.

Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар», делінген Президент мақаласында.