Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

Кез келген халық пен ұлттың өзінің шыққан тегіне зер салып, өткеніне үнілуі, қоршаған ортасына ықпалы мен қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуы заңды құбылыс. Сол арқылы оның әлемдік өркениеттегі орнын айқындауға болады.

Егемен Қазақстан
21.11.2018 1957
2

Кез келген халық пен ұлттың өзінің шыққан тегіне зер салып, өткеніне үңілуі, қоршаған ортасына ықпалы мен қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуы заңды құбылыс. Сол арқылы оның әлемдік өркениеттегі орнын айқындауға болады.

Жалпы біздің осыған дейін төл тарихымызды танып-білуде белгілі бір шеңберден аса алмай, оқиғаларды таңдамалы және конъюктуралық тұрғыдан сипаттауға басымдық беріп келгеніміз жасырын емес. Тіпті кейде осынау ұлан-ғайыр даламыздағы тіршілік белгісі Қазақ хандығы құрылған кезден ғана басталғандай қабылданып, әлі күнге оған дейінгі мәдениет пен өркениетке лайықты бағасын да бере қойған жоқпыз.

Ол аздай, қазақ көз ашқалы бері басқыншылық пен зорлық-зомбылықтан бас көтермеген, жаулап алмақ болғандармен соғысып өткен, одан қала берсе, ғылым мен білімнен алыс қалып, тек мал бағып, көшіп-қонып жүрген халық ретінде көрсетіліп келді. Кезінде одан басқасына мүмкіндіктің берілмегені белгілі. Сондықтан да тарихымызды осы сарынмен сабақтауға мәжбүр болдық. Бірақ еңсе тіктеп, егемен ел болғаннан кейін де кейбіреулердің санасында осындай ұғымның бұлты әлі сейіле қоймағаны байқалып қалып жатады.

Енді мұндай олқылықтардың орнын толтырып, тарихи сананы жаңғыртар сәт туды. Өйткені, бүгінде тәуелсіз Қазақстан экономикасы қуатты, тұрақты даму жолына түскен, әлемдік көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы легінен орын алуға ұмтылған, өзіндік ұстанымы мен көзқарасын еркін білдіре алатын мемлекетке айналды. Біздің ендігі межеміз – осы бағыттан жаңылмай, өткеннен өнеге ала отырып көздеген мақсаттарымызға қол жеткізу. Осыны ескерген Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, ұлт тарихын танып-білудің жаңа кезеңін бастап беріп отыр.

Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. Яғни, әлемдік өркениетке қосқан үлесіміз бен жаһандық даму үрдісіне тигізген зор септігімізді қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша дәріптеуге үндейді.

Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік орны бар. Оған ешкімнің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылап, шегелеу үшін алдымен оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп, түйсінуіміз керек.

Мәселен, Елбасы айтқандай, жылқының қолға үйретілуінің өзі әлемдік дамуға орасан зор әсер етті. Оның бүгінгі киім үлгісінің қалыптасуынан бастап, жаһандық құрылымға ықпал еткен ірі, алпауыт империялардың құрылуына дейін септігін тигізуі, расымен, айтарлықтай үлкен оқиға. Ал енді сол тарихи оқиғаның алтын бастауында қазақ сахарасының тұруы – біз үшін зор мақтаныш.

Әлемнің қарыштап дамуына әсер еткен ең маңызды оқиғалардың тағы бірі – металлургия өндірісі. Адамзат қола, мыс, темірден бастап, алтын, күміске дейінгі асыл тастарды өндіруді көне замандардың өзінде-ақ игеріп, игілікке жаратты. Біздің Ұлы даламыздың сондай ірі өндіріс ошақтарының бірі болғаны да көкейге қуаныш ұялатады.

Жылқының қазақ атырабында қолға үйретілгенін ескерсек, металл өндірісінің де бізден басталуын заңды құбылыс деп қабылдаймыз. Себебі, жылқы әбзелдерінің ішіндегі өркениеттің өрісін кеңейткен үзеңгі, ауыздық, таға сияқты бұйымдар металлдан жасалады. Осының өзі біздің ата-бабаларымыздың темірден түйін түйгенін айқын дәлелдеп тұр.

Біз алтынды өндіріп қана қоймай, оны тұрмыстың барлық саласында кеңінен қолданып, күнделікті өмірімізбен біте қайнастыра білген халықпыз. Ол үшін Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» айтсақ та жеткілікті. Ал Алтай мен Атыраудың арасын жалғайтын кең жазира даламызда мұндай жәдігерлердің бірнешеуі табылғаны хатқа түсіп, тасқа басылған тарихи шындық.

Еуразияның кіндігінде орналасқан Ұлы даламыз – Шығыс пен Батыстың арасындағы қақпа, өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан алтын көпір. Әлемдік сауда жүйесінің дамуына, бүгінгі транзиттік «дәліздердің» пайда болуына тікелей ықпал еткен Ұлы Жібек жолының біздің жерімізден өтуі Қазақстан туралы осындай анықтама жасауға мүмкіндік береді.

Елбасы өз мақаласында Ұлы дала төсінің күллі түркі дүниесінің атажұрты саналатынына, бүгінде әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігіне айналған алма мен қызғалдақтың да «тарихи отаны» қазір біздер өмір сүріп отырған қоныс екеніне айрықша назар аударған.

Мінеки, бүгінде жер-жаһанның ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан әлемдік өркениетке не берді, деген сауалға ауыз толтырып айтатын жауап осындай. Яғни, қазақ даласы – адамзат өрлеуінің қайнар көзі. Демек, біз тарихымызды қайғы-қасіретпен, жаугершілік заманмен және үрейлі жылдармен ғана емес, бүгін өзіміз бір бөлшегі болып отырған әлемнің қалыптасуына, ғылым мен білімнің дамуына, өркениеттің өріс алуына сүбелі үлес қосқан халық екенімізбен байланыстыруымыз қажет.

Мұның барлығы қазақта ғылымның, зиялы ортаның және жоғары мәдениеттің болғанын көрсететін басымдықтар. Осыны басшылыққа алып, бүгінгі кейбір стереотиптерді бұзып, жаңаша ұғым, көзқарас қалыптастыруымыз керек. Дәл біздің даламыздан бастау алған мәдениеттердің игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптеуіміз қажет. Мұндай қадам Ұлы даланың тарихын тым тереңнен бастап, бірнеше мың жылды қамтуды талап етеді. Сондықтан түркі дүниесімен бірге ғұн, сақтарға дейінгі ата тарихымызды тыңғылықты зерттеп, зерделегеніміз абзал.

Мемлекет басшысы осы бағыттағы басымдықтарды айқындап, мақалада «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты нақты жобаларды жүзеге асыру керектігін атап өткен.

Бұлардың әрқайсысы біздің тарихымыздың көз көріп, қол тимеген жаңа парақтарын ашуға мол мүмкіндік береді. Себебі, тек Ресей мен Қытай архивтерінің өзінде Ұлы дала тарихына қатысты мыңдаған жылдардың жылнамасы сақтаулы екенін бәріміз білеміз.

Ғибратты ғұмырын дәріптеп қана қоймай, айдай әлемге жар салып, мақтан тұтарлық тұлғаларымыз да жетерлік. Аспан астын билеген Күлтегіннен бастап, адамзаттың екінші ұстазы болған әл-Фараби, тұтас түркі әлемінің ғұламасы – Ясауи, Мысырға әмірін жүргізіп, әлемдік қақтығысқа тосқауыл болған Бейбарыс сұлтан сияқты ұлы есімдерімізді ұлықтау жаһанның бізді тағы бір қырымыздан тануына жол ашады. Сонымен бірге мұндай тың бастамалардың түркі әлемін одан әрі біріктіре түсетін тиімді тетік екенін де атап өткен жөн.

Осындай игі істер тарихи санамызды жаңғыртып, өткенімізді тағы бір ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Ал тарихи сананы жаңғырту – ұлттық сананың оянуына, оның жаңа заман талаптарына сай қалыптасуына жол ашады. Ең бастысы, біз, Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өзімізді адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан өр тұлғалардың ұрпағы және мәңгілік дамуға тың серпін берген мәдениеттің мұрагері екенімізді сезіне білуіміз керек.

Елбасы осы жолдағы жаңа бағыттарды анықтай отырып, оларды жүзеге асыруда заманауи технологиялар мен ғылымның соңғы жетістіктерін молынан пайдалануға назар аударған. Бұл – тарихтан тағылым ала отырып, бүгінімізді болашақтың талаптарына сай бейімдеуге бастайтын негізгі құрал. Сондықтан да оның маңызы зор.

Мемлекет басшысы өзінің жаңа Жолдауында: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет», – деген болатын. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүйелі жалғасы саналатын жаңа мақала аталған мазмұн мен бағыттарды көрсетіп берді.

Алдымызда тұрған ендігі міндет – Елбасы анықтап берген сол басымдықтарды іске асыруға қоғам болып жұмылу. Бұл ауқымды жұмысқа мемлекеттік органдармен бірге саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам белсенділері бір кісідей атсалысып, өз үлестерін қосса, көздеген мақсатқа қол жеткізу жеңілдейтіні анық. Ең бастысы, науқаншылыққа бой алдырмай, ел дамуы мен тарихымызды танудың жаңа кезеңі жолында әрқайсымыздың аянбай еңбек еткеніміз абзал.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Ұлы даланың мұрагері болу – үлкен жауапкершілік

10.12.2018

Бағы кем бессайыс

10.12.2018

«Сергек» сенімді серікке айналса

10.12.2018

Франция: Даудың басы неден басталды?

10.12.2018

Мүмкіндігі шектеулілердің мүмкіндігін кеңейткен

10.12.2018

Ел Елордасымен еңселі

09.12.2018

Алпамыс Шәрімов: Қайырымдылық жасау үшін бай болу қажет емес

09.12.2018

Павлодар облысында 1 мыңнан астам кәсіпорын 1,6 трлн. теңгенің өнімін шығарған

09.12.2018

Қостанай облыстық қазақ драма театры Шәмші туралы спектакль қойды

09.12.2018

Павлодарда «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалына қатысты қылмыстық іс тергелуде

09.12.2018

Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

09.12.2018

Ұлытау ауданында спорт нысандары салынады

09.12.2018

Үздік шаруашылыққа жаңа трактор тарту етілді

09.12.2018

Aktobe Invest-2018 форумында 300 млрд теңгеге меморандумдарға қол қойылды

08.12.2018

Семейдегі колледж ұжымы бойжеткенге пәтер алып берді

08.12.2018

Тарбағатай ауданының әкімі семейлік жастармен кездесті

08.12.2018

ШҚО Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды

08.12.2018

Күй жетті Алтай-Қобда – арғы беттен...

08.12.2018

Астанада Өспен ауылының азаматтары бас қосты

08.12.2018

Өспен ауылының ардагерлері «Егемен Қазақстан» газетіне қонаққа келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ejelden metal ılegen el

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń jýyrda jaryq kórgen «Uly dalanyń jeti qyry» atty maqalasy búginde 30-dan astam ult pen ulystan turatyn, jalpy sany 200 mıllıonǵa jýyqtaıtyn, ońtústik-batysta Jerorta teńizi jaǵalaýynan bastap, soltústik-shyǵysta Soltústik Muzdy muhıtqa deıingi Eýrazıa qurlyǵynyń apaıtós alyp dalasynda 6 táýelsiz memleket, onyń ishinde Reseı Federasıasynda 20-dan astam túrki tildes halyqtardyń túrli sýbektilerimen, keı jerde avtonomıalyq, keı jerde esh sýbektisi bolmasa da iri oblys quramynda ómir súrip jatqan túrki halyqtarynyń ortaq kóne tarıhyn qamtıtynymen erekshe deýge bolady. Iаǵnı osynaý baıtaq keńistikte bul halyqtar bir kezderi bir memleket quramynda ómir súrip, álemdik órkenıetke ózderiniń laıyqty úlesin qosty.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу