Қазақстан • 22 Қараша, 2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

777 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми зерттеу институты және Юрус Емре атындағы түрік мәдениет орталығының, сондай-ақ Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Османлы мемлекеті мен Орталық  Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрме ашылды.

«Османлы мемлекеті мен Орталық  Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

Аталмыш көрмеге келушілер Осман империясының ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың ортасындағы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасындағы сыртқы саяси қызметінің тарихын бейнелейді және келушілерге Түркияның мемлекеттік мұрағаты ұсынған құнды құжаттармен таныстыруға мүмкіндік алды.

«Османлы мемлекеті мен Ор­талық Азия хандықтары қарым- қатынастарының құжаттары» атты көрме мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Көрмеге Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хан­дықтарының қа­­рым-­­қатынасын баяндайтын 40­ құжат қойылған. Олардың бар­лы­ғы Түркияның Османлы мұра­ға­тынан алынған. Келушілерге бұл құжаттардың арасынан қазақ ха­ны Мұхаммед Қайып хан мен Османлы сұлтанының 1713 жы­лы жазылған хаттары сияқты деректер Қазақстан халқына тұңғыш рет ұсынылды.

Көрмеде көрсетілген хаттар­ тізімінде қазақ ханы Қа­йып Мұ­­хам­­медке жолдаған сұлтан­ның ха­тының көшірмесі (1713 жыл­ғы 21 тамыз); қазақ ханы Қайып Мұхаммед жолдаған бөлек сый-сияпат тіркелген 10 дәптердің көшірмесі (1713 жылғы 21 тамыз); қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің елшісі Сейіт Мұхаммедқұл бей тап­сыр­ған хат аудармасының кө­шір­месі (1714 жыл 16 қаңтар); қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің елшісі Мұхамедқұлдың ауызша сәлемінің қағазға түсірілген нұсқасы ( 1714 жылғы 16 қаңтар);

Қазақ ханы Қайып Мұхамед­тен келген хаттың көшірмесі (хат­та Османлы мемлекетінің шынайы досы екендігі, әрдайым дұға ететіндері туралы жазылған, 1716 жылғы 14 желтоқсан); М.Лес­­сардың Орталық Азия сая­хаты туралы «Central Asia#1» деп аталатын рапортының таныстырылымы (1883 жыл); Түркістан аймағының Берлинде басылған картасы (1862 жыл) тәрізді құ­жаттар көрсетілген. 

Сондай-ақ Бұхара, Хиуа жә­не Қоқан хандықтары мен Ос­ман­лы мемлекетінің қарым-қа­ты­настарынан басқа хаттар, ма­ңыз­ды деректер мен карталар бар.

Экспонаттардың арасында Түр­кия Мемлекеттік архивінің тар­­туы ретінде қазақтардың Түр­кияға көшуіне қатысты қосымша құжаттарды да кездестіресіз.

Аталған жиында Түркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Түркия Рес­пуб­ликасы Премьер-министрі­не қарасты Мемлекеттік мұрағат­тар басқармасының бас дирек­торы, профессор Угар Үнал, қа­зақстандық архив қызметкер­лері мен тарихшылар бас қосты.

Көрменің ашылуы қызықты концертке ұласты.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ