Президент • 29 Қараша, 2018

Асан Ормушев: Жаһандық деңгейдегі Көшбасшы

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ел басқарудағы алғаш­қы жылынан бері Орталық Азия елдерімен тығыз саяси, эконо­ми­калық және мәдени байланыс­тарды орнықтыруға ұмтылып келеді.

Асан Ормушев: Жаһандық деңгейдегі Көшбасшы

Нұрсұлтан Назарбаев­тың сыртқы саясатта, әсіресе Орта­лық Азиядағы көршілес елдер­мен мәселелерді шешуде ашық­тығын әрі шешімділігін ерекше атап өткен жөн. Дипло­ма­тия саласындағы жасампаз істері Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің көрегендігін әйгі­лейді. Мысалы, Орталық Азия экономикалық достастығы оның жеке бастамасы бойынша құры­лып, Қазақстан, Қырғызстан, Өз­бекстан және Тәжікстан ара­сындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық негізде іске асуына зор ықпал етті. Аймақтағы үрдісті жіті түсінген Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша бұл мәселелер мемлекет басшылары деңгейінде шешімін тапты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен Еура­зия аумағында ірі саяси форум – Бірін­ші «Еуразия – 2000» ха­лық­аралық саммиті өтті.

Оның бастамасы бойынша 2002 жылы 4 шілдеде Алматы­да Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ауғанстан және Қазақстан мемлекет басшыларының қатысуымен азиялық өңірде бейбітшілік пен келісімді сақтау жөнінде саммит өткізілді. Аталған форумның қорытындысы бо­йынша әлемдік мәндегі тарихи құжат қабылдан­ды. Әлемде бейбітшілікті сақтауға шақырған Алматы форумының шешімі мен әлемдік қоғамдастыққа үндеуі халықаралық ұйымдар­да қызу талқыланды. Мұндай ірі саяси форумды өткізу және оның қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік аренадағы беделін нығайтып қана қоймай, арттыра түсті.

Сыртқы саясатта Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейде діндер арасында бейбітшілік пен келісімді сақтауға және нығайтуға ұмтылысы байқалуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Астанада әр үш жылда бір рет Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съезі өтіп тұрады. Қазақстан Респуб­ликасының Президенті жүргізіп отырған толеранттылық диалогын сақтау саясатының дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Сондай-ақ БҰҰ, Юнеско, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ сынды халық­аралық ұйымдар жиындарында сөйлеген сөздерінде Нұрсұлтан Назарбаев қашанда экономика, халықаралық қауіпсіздік, мәдени-тарихи мұраны сақтау сияқты жаһандық мәселелерді шешуге ұмтылады. Мұның бәрі оның көш­­басшылық қасиетінің жарқын дәлелі. Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік деңгейдегі қайраткер.

Асан ОРМУШЕВ,

Кувейт халықаралық университетінің ректоры,

доктор, профессор