Аймақтар • 30 Қараша, 2018

Қазығұрт ауданында өңдеу өнеркәсібіне басымдық берілуде

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жемістер мен көкөністерді өңдеуге басымдық берілуде. Бұл орайда  құны – 50 млн. теңгелік  «Unifrutti gold» ЖШС-нің диеталық пюрелер шығару жобасы жүзеге асырылды.

Қазығұрт ауданында өңдеу өнеркәсібіне басымдық берілуде

Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын бар. Ағымдағы жылдың 10 айында өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд. 633 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайыз болған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына индустриялдық аймақтың үлесі мол екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жалпы аумағы - 13 гектар «Қазығұрт» индустриялдық аймағында 1,9 млрд. теңге болатын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылса, 2018 жылы 589 млн. теңгелік табиғи шырын сусын өндіретін «Көрік ШҚ» ЖШС-і жұмысын бастады. Жүзеге асырылған жобаның тағы бірі – құны 85 млн. теңге «Қазығұрт айна» ЖШС-нің сұйық шыны өндірісі. Ал 3 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ алдағы жылы индустриялды аймақта іске қосылатын жобалардың арасында жалпы құны 602,7 млн. теңгені құрайтын құрғақ сүт және сары май өндіретін «Асыл бастау KZ» ЖШС-і, құны 125 млн. теңгелік «Ақ-ниет 5» ӨК-нің «темір бетон өнімдері» жобасы және құны 112,7 млн. теңге  «КН экспорт 777» ЖШС-ң «жиһаз шығару» жобасы бар.

Ауданда 94 шағын жоба іске қосылып, 405 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан өзге, шағын және орта кәсіпкерлер саны 8226-ға жетіп, 114,6 пайызға өскен. Кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қаржы ұйымдарынан 2018 жылдың 10 айында 4565 тұлғаға 2414,8 млн. теңге несие берілген.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы