Саясат • 06 Желтоқсан, 2018

Лондонда Еуроодақтың Орта Азия бойынша жаңа стратегиясына ұсыныстары жарияланды

368 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбританияға сапары қазақстандық делегацияның Халықаралық қатынастар жөнінде Еуразиялық кеңестің (ХҚЕК) 5-ші отырысына қатысуымен аяқталды. Аталған іс-шара  Еуроодақтың сыртқы байланыс бойынша бұрынғы жоғары комиссары және ХҚЕК Консультативтік кеңесінің қазіргі Төрайымы Бенита Ферреро-Вальднердің төрайымдығымен өтті.

Лондонда Еуроодақтың Орта Азия бойынша жаңа стратегиясына ұсыныстары жарияланды

«Өздеріңіз білетіндей, қазан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельдегі АСЕМ саммитінде сөз сөйлеп, халықаралық аренадағы сенім және диалог дағдарысы жайында алаңдаушылығын білдірген еді. Осында жиналған беделді еуропалық саяси қайраткерлерге Президентіміздің өзара сенімді арттыру шараларын нығайту және Астанада алдыңғы қатарлы әлемдік державалар көшбасшыларының кездесуін өткізу жайлы бастамасын егжей-тешжейлі талқылауды ұсынамын», – деді Р. Василенко отырыста сөйлеген сөзінде.

Қазақстандық дипломат кездесуге қатысушыларды Орталық Азия мемлекеттері арасындағы және аталған елдер мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың жағымды динамикасы туралы, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы жөнінде Астананың бірқатар жалпы ұстанымдары туралы хабардар етті. Сонымен қатар, өзара байланыс пен логистикаға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға (әйелдер кәсіпкерлікті қоса алғанда), заң үстемдігін нығайтуға назар аудару жөнінде ұсыныстар айтылды. Оған қоса стратегияны неғұрлым құрылымдалған және жүйелі ұсыну бойынша және онлайн-кеңістікте аталған құжат пен барлық тиісті ақпаратты насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Отырыс нәтижесінде ХҚЕК-тің Еуроодақтың Орта Азия бойынша жаңа стратегиясына ұсыныстар қамтылған арнайы баяндамасы таныстырылды. Аталған стратегия 2019 жылдың бірінші жартысындла қабылданады деп күтілуде. Баяндамада БҰҰ, ЕО, ЕҚДБ, бірқатар университеттер, т.б. беделді ұйымдар ұсынған материалдар негізге алынды. Құжатта ЕО-ға Орта Азиямен қарым-қатынасты дамытудың 2020-2027 жылдарға арналған бағдарламасында мақсатты әрекеттерді іске қосуға қатысты практикалық ұсыныстар бар. Атап айтқанда, басқа ұсыныстардың ішінде ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа  стратегиясы келесі бағыттарды қамту керек екендігі аталған:

  • «Орталық Азиядағы [ЕО-ның] мүдделері мен бәсекелестік артықшылықтарының шынайы бағасына» назар аудару;
  • Орталық Азия елдеріне жалпы тәсілдемені қолданбай, аймақтық айырмашылықтарды назарға алу;
  • конференциялар мен диалогтар негізіндегі ынтымақтастықтан әр Орталық Азияда мемлекетінде өткізілетін практикалық жобалар мен саммиттер негізіндегі практикалық және операциялық тәсілге көшу;
  • Орталық Азия елдерімен адам құқықтары жөніндегі диалогты құру және  осы уақытқа дейін қолданылған және шектеулі нәтижелер әкелген «еуроцентрикалық» ұстанымнан кету үшін осы тәсілді қолдану
  • медициналық қызметтерді, сот төрелігін және құқық қорғау органдар жүйесін жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты «жұмсақ күштердің» тиімді бастамаларына назар аудару.

Баяндамаға арналған баспасөз мәслихатында құжат авторларының ұсыныстары мен негізгі түйіндері талқыланды. Талқылауға Б. Ферреро-Вальднер, ЕО-ның Орта Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан, Италияның бұрынғы СІМ және ХҚЕК консультативтік кеңесінің мүшесі Франко Фраттини, ЕҚДБ-нің Ресей мен Орта Азия бойынша басқарушы директоры Наталья Ханженкова, қазақстандық делегация өкілдері және британ және еуропалық БАҚ өкілдері қатысты.

ХҚЕК – Орта Азия бойынша маманданған тәуелсіз ұйым, оның қызметі аймақ жайлы мәліметтерді халықаралық деңгейде тарату және Еуропа мен Орта Азия елдерінің экономикалық, институционалдық және саяси байланыстарын нығайту. ХҚЕК Консультативтік кеңесінің мүшелері қатарында бірқатар бұрынғы президенттер: Чехия – Вацлав Клаус, Польша – Александр Квасьневский, Сербия – Борис Тадич, Словения – Данило Тюрк, сондай-ақ Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Къелл Магне Бондевик, Ұлыбританияның бұрынғы СІМ Джек Стро секілді т.б. ықпалды еуропалық саясаткерлер бар. Британ Парламентінің мүшесі және соңғы уақытқа дейін елдің халықаралық даму министрі Прити Пател ХҚЕК-тің бесінші отырысы барысында ХҚЕК Консультативтік кеңесінің жаңа мүшесі болып тағайындалды.