Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018

Жарқынбек Құлбайымбетов: ХХІ ғасыр – жетістіктер ғасыры

599 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жарқынбек Құлбайымбетов: ХХІ ғасыр – жетістіктер ғасыры

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­­ласы елімізде үлкен өрлеу ту­ғы­­зып отыр. Президент тари­хи ең­бегінің «Ұлт тарихындағы ке­ңіс­тік пен уақыт» деп аталатын бө­лімінде қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы сая­си және эконо­микалық тарих­тың беталысын талай рет түбегей­лі өзгерткені туралы сыр шерте келе, Ұлы даланың жеті қырына жеке-жеке тоқталып, нақты анықтама береді. Кең-байтақ Қазақ елінің жеті қыры – Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны екенін нақты айғақтармен дәлелдейді. 

Президент келтіріп отырған «Түркі әлемінің бесігі» жан-жү­регімізді тебіреніске бө­лейді. Мақа­лада ай­тыл­­ған­дай, біздің дәуі­ріміздің І мың­жылдығы­ның орта шенінде Түркі дүниесі пай­да болып, Ұлы да­ла төсінде жаңа кезең басталды. Ора­сан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өр­кениеттің өзіндік өрнегін қалып­тастырып, өнер мен ғы­лым­­ның және әлем­дік сау­да­ның орта­лы­ғына айнал­ған орта­ғасыр­лық қала­лар­дың гүл­денуіне жол ашты. Орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлем­дік өркениеттің ұлы ойшыл­дары­ның бірі – Әбу Насыр әл-Фа­рабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбас­шыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, күллі әлемге ілімін таратты. 
ХХІ ғасыр түркілер ғасыры бола­ды деп үміттенер болсақ, осынау ұлы жолда облыс орталығы, рухани аста­намыз – Түркістанның атқарар рөлі айрықша екені айқын. Ұлы ойшыл әл-Фараби мен рухани көсем Қожа Ахмет Ясауидің ша­па­ғатымен нұрланған қазақ хал­қы­ның атақ-даңқы асқақтап, мәр­те­бесі биіктей түсері сөзсіз. Осын­дай терең мағыналы еңбегі үшін Прези­дентке шексіз алғыс айтамын.

Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ, 

Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы