Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2018

Даңқты боксшыға – ерекше құрмет

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саңлақ боксшы дүние­ден ерте өтсе де, артына айтар­лықтай із қалдыр­ды. Камиль Сафин ел спор­тының дамуына мол үлес қосқан спортшы ретінде зор құрметке ие болды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері шаршы алаңда жасындай жарқылдап, Еуропа чемпионатының кү­міс жүлдегері, әлем кубо­гының, КСРО-АҚШ матчы кездесуінің, КСРО Халықтары спартакиа­дасының және кубогының төрт мәрте жеңімпазы атанды.

Даңқты боксшыға – ерекше құрмет

Петропавл қаласында бокс мектебі іргетасының қалануына тікелей ұйытқы болып, бірнеше жыл бас­шылық етті.

Петропавлдықтар даңқ­­­­ты жерлесіне айрық­ша құрмет көрсетіп, бокс­­тан облыстық олим­пиа­далық резервтегі ма­мандандырылған балалар мен жасөспірімдер мек­тебінің жанына ескерт­кіш мүсін орнатылды. Сал­­танатты шарада Мә­де­ниет және спорт ми­нис­тр­­лігі Дене шы­нық­тыру жә­не спорт комитетінің же­текшісі Серік Жарасбаев, аймақ басшысының орынбасары Мадияр Қожахмет сөйлеп, саналы ғұмырын спортқа арнаған тұлға есімі ұмытылмайтынын, оның бір айғағы ретінде еске алу турнирі жыл сайын ұй­ым­дастырылатынын, бокс мектебіне есімі беріл­генін жеткізді. Бокстан Еуропа чемпионы, әлем кубо­гы ха­лықаралық турни­рінің кү­міс жүлдегері, Камильдің досы Серік Нұрқазов өз ес­телігімен бөлісті. 

«Әкем спорт десе, іш­кен асын жерге қоятын. Талапты, талантты балаларды көрсе, бокс мек­те­біне қолынан жетелеп әкелетін. Румыния, Поль­ша, Венгрия, АҚШ, тағы басқа елдерде өткен додалы бәсекелерде үнемі топ жарып, ел намысын жо­ғары ұстады», деген ұлы Дамир шараны ұйым­­дас­тырушыларға жү­рек­жарды алғысын біл­дірді.

Мүсіннің авторы Свет­лана Брютованың Ка­миль Сафин жайлы мағ­лұ­мат­тарды молынан жинастырып, мүсінді келістіріп жа­са­ғаны бірден байқалады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы