Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Астанада болуының жаңа форматын ұсынды

 

ЕҚЫҰ мүше-елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) Миландағы кездесуі аясында «ЕҚЫҰ кеңістігінде экономикалық өзара байланыстылықты ілгерілету» атты тақырыптық отырыс өтті. ЕҚЫҰ Экономикалық және экологиялық комитетінің төрағасы болып табылатын Қазақстан Ұйым Хатшылығының Экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісінің кеңсесімен бірлесіп аталған іс-шараны ұйымдастырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
07.12.2018 2126
2

«Өзара байланыстылық көліктік байланыстар, экономикалық және энергетикалық желілер, сандық және адамдық өзара әрекеттерден тұратын көптеген өлшемдерге ие. Ол қолданыстағы байланыстардың тиімділігін күшейте және жаңа байланыстарды құра алады. ЕҚЫҰ өзара байланысты ілгерілетуде маңызды рөл атқара алар еді», - деді өз сөзінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстан Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікте созылған Қауіпсіздік қоғамдастығы туралы 2010 жылғы Астана декларациясын енгізуді жүзеге асыру үшін осы бағытта үлкен серпін беру маңызды деп есептейді. Сондай-ақ, Министр 1994 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразиялық ықпалдастық идеясы Еуразиялық экономикалық одаққа сәтті енгізілгендігін еске салды. Бүгінгі күні Еуразиядағы түрлі интеграциялық жобалар арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету мәселесі өзекті.

Өзара байланыстылық тұрғысында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Астанадағы қатысуын одан әрі Бағдарлама кеңсесінен Тақырыптық орталығына трансформациялау бойынша өз көзқарасын ұсынды. Министр далалық миссияның эволюциясы әрқашан елдің дамуымен қатар жүріп жатқандығын және «Қазақстанның экономикалық және саяси дамудағы қазіргі жетістіктері жаңа тәсілдерді қажет ететінін» мәлімдеді.

«Жаңа құрылым тәжірибе, аналитикалық және зерттеу жұмыстарымен алмасуға жәрдемдесу арқылы тұрақты өзара байланыстылық пен «жасыл» экономикаға көшу мәселелеріне бағытталуы керек. Мысалы тиісті басқару, жасыл экономиканы дамыту, апаттардың алдын алу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ЕҚЫҰ кеңістігінде сауда мен көлік салаларын ілгерілету саласындағы жобаларды жүзеге асыру мүмкін», - деп атап өтілген хабарламада.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Астанадағы жаңа буыны ЕҚЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдар арасындағы өзара тиімді серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп есептейді.

ЕҚЫҰ-дағы итальяндық төрағалықтың өкілі, Италияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Гильермо Пикки ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қақтығыс әлеуетінің артуы жағдайында экономикалық және экологиялық өлшемнің рөлін атап өтті.

Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макей ЕҚЫҰ-ның экономикалық өзара байланыстылық платформасы ретіндегі рөлін атап өтті.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров көлік дәліздерін және ЕҚЫҰ аясында тиісті басқаруды дамытуға шақырды.

Бирмингем университетінің профессоры Стефан Вольф ЕҚЫҰ-дағы экономикалық дипломатияның үлкен әлеуетін атап өтті.

Іс-шара даму және қауіпсіздік мәселелері арасындағы ажырамас байланыс қағидаты негізінде Қазақстан қолдау көрсететін ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық өлшемінің әлеуетін тағы бір рет көрсетуге мүмкіндік берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу