Күй жетті Алтай-Қобда – арғы беттен...

Аптаның соңғы жұмыс күні Астанадағы Ұлттық музейде «Қазына» сериялық басылымы аясында жарық көрген «Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты кітабының беташар таныстырымы өтті.

Егемен Қазақстан
08.12.2018 11313
3333
2222
2222
2222
2222
2222
2222

Қазақ халқының мәдени мұрасына қатысты жаңа деректер мен зерттеулерді өзектілігіне қарай әр тараптан жинақтап, толықтырып, сараптап, жариялап, ғылыми айналымға енгізу мен насихаттау мақсатында Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты 2016 жылдан бастап «Қазына» сериялық басылымын шығаруды қолға алған екен.

Аталған серияның 4-ші шығарылымында Моңғолиядағы қазақтардың шертпенің алтайлық үлгісіндегі 321 домбыра және 50 сыбызғы күйі алғаш рет жинақы түрде толыққанды еңбек ретінде жарияланып отыр. Кітап авторлары Қобда бетіндегі қазақтардың күй өнерін алпыс жыл бұрын алғаш ғылыми зерттеуді бастаған, ел ішінен сол қалпында, еш өзгеріссіз жинақтаған, нотаға түсірген күйші Мұсайып Хұсайынұлы мен күйші Қабыкей Ахмерұлы. Кітаптың тағы бір құндылығы осында жатса керек. 

Шараға кітап авторларының бірі Мұсайып Хұсайынұлы, Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов, түркітанушы, ғалым Қаржаубай Сартқожа, күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, музыкатанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты Раушан Малдыбаева, күйші, «Халық қазынасы» ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері, аталған кітаптың жауапты редакторы Рүстем Нүркен, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы, сыбызғышы Жанұзақ Исабаев және өнерге таласы бар бір топ талапкер жастар қатысты.

Жиынды бастаған Леонид Кочетов мырза: «Ұлттық музейдің ішінен құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты осы уақытқа дейін «Қазына» сериясымен көптеген ғылыми еңбектерді баспадан шығарып үлгерді. Сіздердің алдарыңыздағы бүгінгі тұсауы кесілейін деп отырған кітап та осы «Қазына» сериясы бойынша 1000 данамен жарық көрді. Біздің ғылыми-зерттеу институтымыздың зерттеу бағыты қазақ руханиятының әр саласын қамтып, яғни археологиялық, этнографиялық, музыкалық т.б. бағыттарда жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жақында жарық көрген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы айтылған нақты тапсырмалардың дені ұлттық құндылықтарды сақтай отырып рухани мұраларымызды жаңғырту болатын. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі тұсауы кесілейін деп отырған еңбектің құндылығы өте жоғары деп айтуымызға болады. Бұл еңбек келешекте Алтай, Қобда жеріндегі күйшілік өнерді одан ары ғылыми жүйелі зерттеуге үлкен септігін тигізері сөзсіз», - деді.

Осыдан кейін лента қиылып, шашу шашылды. Кітап авторы күйші Мұсайып Хұсайынұлына сөз берілді: «Кітап бір күнде жазылған жоқ. Атадан балаға жалғасып келе жатқан бұл күйшілік мектеп Алтай тауының күнгейінде -  қазіргі Қытайдың Шыңжаң өңірі, оның батысындағы еліміздің шығыс өңірі және солтүстігінде Ресейдің Таулы Алтайының Қосағаш жерімен шектесіп жатқан ұлан байтақ аумақта таралған күйлерді қамтыдық. Бұл еңбекті қолға алынғанына өте көп уақыт болды. Моңғолия жеріндегі қазақ күйлері туралы зерттеп, олардың ерекшелігі, шығу тарихы мен аңыз-әпсаналары туралы деректерді қағазға түсіру үшін біраз уақыт қажет болды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Күйлердің тарихы, шерту ерекшеліктері және сыбызғы күйлері туралы айтылған. Мұнда Қазақстан күйшілеріне белгісіз біраз күйлер еніп отыр. Бұл еңбектің осындай толымды кітап болып шыққанын көріп қуанып отырмын. Қабыкей жарықтық көре алмай кетті», - деді.

Күйші, сазгер, Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі, 30 күймен 20 әннің авторы Қабыкей Ахмерұлы өткен ғасырдың 70-80 жылдары Моңғолия қазақтарының ән және күйлерін алғаш жинақтап, құрастырған зерттеуші, қайраткер адам екен. Ұлт өнері үшін телегей еңбек еткен ерек өнер иесі 2012 жылы Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қабанбай ауылында 85 жасында қайтыс болыпты.  

Ал, Мұсайып Хұсайынұлы да күйші, сазгер, дирижер, Қазақстан және Моңғолия композиторлар одағының мүшесі. Моңғолиядағы қазақтар тарихында алғаш рет опера, балет, симфониялық шығармалар жазып музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген  қайраткер. 100-ден астам авторлық және халық ән-күйлері мен классикалық шығармаларды оркестрге өңдеп түсірген екен.

Мемлекет басшысы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының «дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бөлімінде: Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. 

Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет» деп атап көрсеткен болатын. Демек, бұл еңбекті Елбасы мақаласында міндеттелген жұмыстардың өз орайымен жоғары сапада орындала бастағандығының нақты бір көрінісі деуге де болатындай.

Жиынды Ұлттық музейдің «Халық қазынасы» ҒЗИ басшысы Ақан Оңғарұлы жүргізіп, майталман мамандарға сөз берді. Бұдан бес мың жыл бұрын қолданылған делінген «ата домбыраны» тапқан, онда жазылған «Жұпар күй әуені бізді сүйіссінтеді» деген жазуды оқыған бітік тастың білгірі, көрнекті түркітанушы, ғалым Қаржаубай Сартқожа бұл кітаптың жарық көруіне атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтып, батасын берді. Кеше ғана қолына тиген кітаптағы күйлерді нотасына қарап отырып түгелімен тартып келгенін айтқан Жанғали Жүзбай «түні бойы ұйқтамадым, мұнша мұраның мұрты бұзылмай нотаға түсіп, түгенделуі, жалпы жұрттан сүйінші сұрардай үлкен оқиға», деді. Музыкатанушы Раушан Малдыбаева да кітапқа өте жоғары баға берді. Жиын барысында бұдан алпыс жыл ілгері таспаға жазылып алынған күйлер қойылып, сыбызғышы Жанұзақ Исабаевтың дәл қасында отырып, арғы жағынан Алтайдың аңызақ желіндей бір зарлы үн уілдеп тұратын бірнеше сыбызғы күйін тыңдап қайттық.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу