Ұлы даланың мұрагері болу – үлкен жауапкершілік

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы баспасөзде жарияланғаннан кейін кең тынысты, кемел ойлы еңбекте көтерілген мәселелер қазақстандық қоғамда үлкен жаңғырық туғызғаны мәлім. Сондай-ақ рухани сипаттағы осы құнды дүниемен танысуға көршілес Орталық Азия республикалары, күллі түркі әлемі, бірқатар таяу және алыс шетелдер қауымдастығы өкілдері қызығушылық пен ынта-ықылас танытқаны да белгілі. Мақаланы талқылауға байланысты іргелі басқосу ел өңірлері арасында Ақтөбеде өткізілді. Оған танымал тарихшы-ғалымдар мен саясаттанушылар, бірқатар республикалық БАҚ басшылары, этнографтар мен архео­логтар, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды.   

Егемен Қазақстан
10.12.2018 1415
2

Тарихымыз бен түп-тұқиянымызды түгендеп, оны одан әрі тереңдете түсуде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала­сына ешқандай баға жетпейді. Мұн­да елдігімізге ежелден тән болып келген биік өлшемдер нақты түрде тұжырымдалған. Ұлы даланың қыр­лары мен далалық өркениет тарихи шындықпен айшықталған. Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес еңбекті толық зерделеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Біз мақаланың мәні, оның елдікті еңселендіре түсу жөніндегі атқаратын рөлі жүректерге жетуін қалаймыз. Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған бүгінгі басқосу да осы мақсатты көздейді дей келе, жиынды жүргізуші алғашқы сөзді «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дархан Қыдырәліге берді. 

Ғалым бірінші кезекте Елбасы­­ның жаңа еңбегі шетелдерде де қызығу­шылық пен мүдделілік туғызғанын атап өтті. «Мұнда түркі әлемінің бесігі мен генезисі және түркілердің адамзат дамуының тарихына қосқан үлесі нақты әрі тұжырымды айтылған. Осы арқылы біз Ұлы даладан бастау алған түркі­тілдес халықтардың ежел­гі мұралары – ортақ игілікке айналады деп санаймыз», деді бұдан әрі Д.Қыдырәлі. 

Дөңгелек үстелде «Ұлы даланың жеті қыры» әлем халықтарының он екі тіліне аударылғаны да айтылды. Жиынға қатысушылардың айтуынша, Елбасы еңбегі бұл «Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» секілді іргелі мемлекеттік бағдарламалардың жалғасы. Бұдан біраз жыл бұрын Елбасы­мыздың Ұлы­тау­да берген сұхбаты да ел жадында. Н.Ә.Назар­баев­тың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту кезіндегі тарихи шындықпен суарылған терең мазмұнды пайымдаулары ше? Міне, дала туралы толғаудың бас­тауында осындай сара сөздер тұрғаны талассыз. 

Осы Ұлы дала бүгінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың ұлттық кодына, ежелгі өркениет еліне айналып үлгергені анық. Ежелгі әліпби, орта ғасырлардағы қалалар, халқымыздың төл таңбасы – елдіктің басты нышан­дары екені белгілі. Қазіргі кезде Елба­сы мақаласынан туындайтын бас­ты мін­деттердің бірі – архивті тану мен иге­руді жүйелі жолға қойып, арх­и­в­пен жұ­мыс істеу мәдениетін көтере түсу бол­мақ. Дөңгелек үстелде көтеріл­ген басты бір әңгіменің түйіні осындай. 

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бел­гілі саясаттанушы Берік Әбдіғали Ел­басы мақаласы тарихи сана-сезімді жаң­ғырту, ежелгі салт-дәстүрлерімізді дәріптеу және қазақы қалпымызды қастерлеу үшін үлкен серпіліс туғыз­ғанын айтып берді. Оның ойынша «Ұлы даланың жеті қырына» желі болып тартылған мәселенің бірі – Ұлы даланың ұлы есімдерін және барлық халыққа ортақ ұлы тұлғалардың аты-жөндерін асқақтатуда алда тұрған біраз жұмыс бар. 

Оның қатарынан Қасым мен Арынғазы хандардың есімдері орын алып жатса артық етпейді. Біз ежелгі ғұн, сақ тайпаларынан тараған ұрпақ­тың өкіліміз. Бұдан беріде Алтын Орданың мұрагері ретіндегі орнымыз да бар. Мұны неге айтпасқа? Хал­қы­мыздың өткен тарихы – мақтан тұтуға әбден тұратын тарих. Елбасы мақаласы осындай ежелгі тарихымызды тайға таңба басқандай қылып, қолға ұстатып беруімен құнды, деп түйіндеді ол өз ойын. 

Дөңгелек үстелде келесі кезекте сөз алған «Казинформ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асқар Омаров дербес мемлекет құру ісі қай кезде де оңай болып көрмегенін, бұл ретте Мемлекеттің басшысы Н.Ә.Назарбаев пен халқымыз бұрын-соңды болып көрмеген тәуекелдер мен кедергі­лер­ге кездескенін жеткізді. Бұдан соң халық­аралық деңгейдегі іргелі ақпарат саласының жетекшісі көршілес мемлекеттер ауқымындағы әріптестерімен ұдайы хабар-ошар алмасып отыратынын айта келіп, олардың: «сіздер – қазақтар бақытты халықсыздар ғой» деп айтқан ой-тұжырымын алға тартты. Міне, ұлттық идеологияның негізі дәл осы тұстан тамыр тартады. Осы тұрғыдан келгенде «Ұлы даланың жеті қыры» үлкен жүк арқалай алады, деді ол бұдан әрі.

Белгілі саясаттанушы, Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Айдос Сарым Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихи-диалектикалық даму жолын көрсетіп берген тұтас бір ұлттық концепция деңгейіндегі дүние екеніне екпін түсірді. «Халқымыздың арғы-бергі тарихында бір-бірінен бөлектенуден гөрі, бірімен-бірі табысу, бірігу тарихы молырақ болғанына өз басым еш­қанд­ай күмән келтіре алмаймын. Төл тарихымыздың бір парағы осындай. Елбасының өзінің сөзімен айтқанда, төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың бола­шағы зор. Осы тарихты барша қазақ­стан­дық­тар­дың, республиканы мекендейтін бар­­лық этнос өкілінің зердесіне жет­кіз­ген мақаланың орны айрықша», деді ол.

Дөңгелек үстелде «Қазақстан бло­­гер­­лері Альянсы» қоғамдық бір­лес­тігі­нің төрағасы Ғалым Байтоқ Елбасы мақаласының ауызша және музы­калық дәстүрлерді жаңғыр­ту­дағы рөліне байланысты ой қоз­ғады. Басқосуда ақтөбелік өлкетану­шы Бекарыстан Мырзабай мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем­лекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ерденбеков «Ұлы даланың жеті қырына» байланысты өз ой-тұжырымдарын ортаға салды. Бүгінгі күні төл тарихымыз бен мәде­ниетіміздің тінін тарқатып, оны өзге­лерге таныта білудің екі бірдей пайдасы бар. Біріншіден, осы арқылы еш­кімге ұпайымызды жібермейміз. Екін­­шіден, ешкімге басыбайлық та көр­сет­пейміз. Елбасы мақаласының бас­ты бір құндылығы осында, деді олар. 

Басқосуға қатысушылар ежелгі қазақ даласының бір пұшпағы – Ақтөбе топырағында да ежелгі салт-дәстүріміз бен мәдениетіміздің қатпар-қатпар тари­хы сырын ішіне бүгіп жатқаны жөнін­де ой қорытты. Мұнда біздің зама­ны­мызға дейінгі І-ІХ ғасырларда өмір сүрген жауынгер, яки тайпа көсемі жер­лен­ген көне қабір табылғаны, оның ғұн дәуіріне жататыны айқындалғаны бұған дейін баспасөзде хабарланған еді. 

Алқалы жиынға қатысушылар осы күні, сондай-ақ өңір жастарымен кез­дес­ті. Шара барысында Б.Сапарбаев Пре­­­зи­денттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы ең ал­ды­мен жастарға бағытталғанын атап өтті.

– Сіздер Елбасының жас ұрпаққа қалай көп көңіл бөлетінін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Бес әлеуметтік бас­тама ең бірінші, жастарды қолдауға, яғни білім гранттарын арттыруға және бизнесті шағын несиелеуге, студенттер жатақханасын салуға бағытталған. «Ұлы даланың жеті қыры» да ең алдымен сіздерге арналған. Сіздер өздері­ңіздің мақтануға тұрарлық және ұялуға еш негізі жоқ нағыз тарихыңызды білулеріңіз керек, – деді облыс әкімі студенттерге.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу