Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақсанда КХА Қоғамдық кеңесінің республикалық форумы өтті

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқушылар сарайында  Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің республикалық форумы өтті.

Солтүстік Қазақсанда КХА Қоғамдық кеңесінің республикалық форумы өтті

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдерінің  қатысуымен Елбасының жұртшылыққа ұсынған бес әлеумттік бастаманың жүзеге асырылуы жайы қаралып, талқыланды.

Пленарлық отырыс алдында  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко Сәлімжан  Сәбитовке «Ассамблея мен «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қоры атынан автокөліктің кілтін салтанатты түрде  табыс етті. Сәлімжан мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан түрлі игі істерге мұрындық болып жүр. Жергілікті жерде «Тең жол» автомектебін ашқан бастамасы үшін жоғарыдай марапатқа ие болды. Сөз арасында оның  «Самұрық-2018» байқауының «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн. Бұдан былай кемтар жандар да көлік жүргізуді үйреніп, жолаушылар тасымалымен айналысатын болады. Бүгінде облыс орталығында  8 мыңнан астам мүмкіндігі шеккеулі адам есепте тұрады.

В. Прокопенко өз сөзінде  үш мыңнан астам қоғамдық келісім кеңестері құрылғанын, олардың жұмыстарына Президенттің тапсырмалары мен Жолдауларда белгіленген басым бағыттарды түсіндіру,  республика тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру, түрлі қайырымдылық шараларын атқару, тәжірибелер алмасу, әлеуметтік-саяси науқандарға белсене  араласу тән екенін атап өтті. Осы кезге дейін 17 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, бір миллиондай адам қамтылған. Әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылып, тұрғындардың өтініш-тілектерінің, арыз-шағымдарының  уақытылы шешім табуына ықпал жасалынады. Түйткілді проблемаларды бірлесіп шешуде билік орындары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты жақсартудың жолдарын әңгімеледі.

Ф. Қуанғановтың айтуынша, бүгінгі басты талаптардың бірі Президенттің «7-20-25» бағдарламасын жете насихаттау, әр қазақстандыққа маңызын түсіндіру. Бұл бағыт бойынша үлгі етерлік нәтижелер баршылық.  Соңғы кездері белсенділіктің арта түскені байқалады.Әкімдіктер жас отбасылар мен бюджет қызметркерлеріне жағдай жасауда.

Басқа да сөйлеушілер  бағдарламалардың орындалу барысына,бюджеттің игерілуіне бақылауды күшейту, мемлекет пен қоғам және жұртшылық арасындағы кері байланысты нығайту, табыстарды қамтамасыз ететін барлық тетіктерді қолдану мәселелерін сөз етті.

 Форумда қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған басқа да жоба-бағдарламалардың қорытындысы шығарылып,  бірқатар міндеттер белгіленді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

 Солтүстік Қазақстан облысы